Рысбай Хисметұлы Ғабдиев

Рысбай Хисметұлы Ғабдиев (05.02.1936, Ресей, Астрахан облысы Қызылжар - 2004 жылы) - домбырашы, дирижер, Қазақстанның халық артисі (1996).1953 ж. Алматыда өткен жасөспірімдердің респ. өнер байқауында Құрманғазының "Төремұрат" күйін орындал, бірінші орын алған. Алматы музыка училищесін (1958), Шымкент өнер институтын бітірген (1979). 1954 - 1961 ж. Қазақ халық аспаптар оркестрінің домбырашысы, қонцертмейстері, 1961 - 1962 ж. Атырау муз. училищеде оқытушы, 1962 - 1980 ж. Доссор музыка мектебінің директоры, 1980 - 1990 ж. Атырау пед. ин-тының муз.-пед. ф-тінің деканы болды. 1990 жылдан Атырау облысы халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекш. және бас дирижері. Ғ. 1994 ж. Анталия (Түркия) қаласында өткен дүниежүзілік өнер фестивалінің, 1998 ж. Алматыда өткен "Құрманғазы және ұлы дала музыкасы" халықаралық фестивалінің бас жүлделерін жеңіп алды. Ғ-тің репертуарында Құрманғазының "Терісқақпай", "Төре-мүрат", "Байжұма", "Адай", "Аман бол, шешей", "Қайран шешей", "Машина"; Динаның "Бұлбұл", "Бай-жұма"; Дәулеткерейдің "Байжүма", "Қос ішек", "Көркем ханым", "Кербез Ақжелең", "Кәроғлы", Сейтектің "Ақсақ құлан", Есбайдың "Ел айы-рылған", Ерғалидің "Қоштасу", сон-дай-ақ, Қазанғаптың, Абылдың күйлері, халық күйі "Қарасай", т.б. бар. Оның орындауындағы күйлер 3 күйтабаққа және "Байжұма" деген атпен үнтаспаға жазылды. Ғ. - "Балалар оркестрімен жұмыс", "Домбырадан сабақ беру тәсілі", т.б. кітаптардың авторы.[1]

«Парасат» орденімен марапатталған.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8