Ресей

Ресей Федерациясы
орыс. Российская Федерация
Flag of Russia.svgCoat of Arms of the Russian Federation.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Алға, Ресей! (ресми емес) (орыс. Вперед, Россия!)»
Әнұран: «Ресей әнұраны» (тыңдау )
Russian Federation (orthographic projection) - Crimea disputed.svg
Ресейдің орналасуы (жасыл)
Ресейлік әкімшілік Қырым (даулы, ашық-жасыл)
Тарихы
Құрылды* 862 жыл Мемлекеттіліктің бастауы
Тәуелсіздік күні25 Желтоқсан 1991жыл
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліОрысша
ЕлордаCoat of Arms of Moscow.svg Мәскеу
Ірі қалаларыМәскеу (10 508 мың), Санкт-Петербург (4 581 мың) Новосібір, Екатеринбург, Төменгі Новгород, Қазан, Челябі, Самара, Омбы, Ростов-на-Дону, Уфа, Красноярск, Пермь, Воронеж, Волгоград
Үкімет түріЖартылай президенттік федерация
Президенті
Үкімет Төрағасы
Федерация Кеңесінің төрағасы
Мемлекеттік Думасының төрағасы
Владимир Путин
Дмитрий Медведев
Валентина Матвиенко
Сергей Нарышкин
Мемлекеттік дініРесейдегі дін
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 1-ші-орын
17 125 187[1] км²
13
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

142 914 136[2] адам (9-шы)
8,36 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

2,218 трлн $ (6-шы)
15 806 $
АДИ (2011)0,755[3] (жоғары) (73-шы)
Этнохоронимресейлiк
ВалютасыРубль (RUB, 1991-98 RUR)
Қосымша мәліметтер
ISO кодыRU
ХОК кодыRUS
Телефон коды+7
Уақыт белдеулері+3…+12, +5 жоқ

Ресей (гр. Ρωσία — Русь[4]; ресми түрде — Ресе́й Федера́циясы орыс. Росси́йская Федера́ция немесе Ресе́й орыс. Россия[5], қысқартылған атауы — РФ орыс. РФ [6]) — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет. Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара - әлемдегі ең ұзын шекара. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі[7]. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде[8], бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.[9]

Экономикалық-географиялық жағдайы

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста Қытаймен, оңтүстік-шығысында Солтүстік Кореямен, Моңғолиямен, Қазақстанмен, Әзірбайжанмен, оңтүстік-батыста — Украинамен, батыста — Финляндиямен, Беларусьпен, Эстониямен, Латвиямен, Норвегиямен шектеседі.

Ресейдің ауа райы оның үлкен аумағына байланысты әр түрлі: көп аумағы континенталды немесе қоңыржай континенталды, қысы ұзақ және қысқа ыстық емес, соған қарай Ресейді 3 үлкен аймаққа бөлуге болады:

  • Еуропалық Ресей, Орал тауынан батысқа қарай аумақты алып жатыр.
  • Сібір, Оралдан Тынық мұхиты жағалауына дейін созылып жатыр.
  • Қиыр Шығыс Ресейі.

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік-шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүниежүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге ( Калининград облысын есептемегенде), солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр. Ел аумағы 11 сағаттық белдеуді қамтиды[10].

Ресей аумағының 1/4Еуропада, 3/4Азияда орналасқан. Оның жағалауларын үш мұхиттың суы шайып жатыр. Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды.

Ресейдің әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық-географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады. Өйткені Еуразияда дүние-жүзі мемлекеттерінің 40%-дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Ресей құрамына енетін Калининград облысы анклав болып табылады, өйткені оның елдің негізгі бөлігі мен ортақ шекарасы жоқ.

Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді. Ресейдің географиялық орны әлемдік экономикалық орталықтарға қатысты алғанда қолайсыз болып табылады. Өйткені ол Батыс Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ және Жапониямен тікелей құрлық арқылы шектеспейді, аса маңызды теңіздік сауда жолдарынан алыста орналасқан. Алайда ел аумағының Еуропаны Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен теміржол арқылы байланыстырып жатуы, Солтүстік теңіз жолын игеруі Солтүстік Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен байланысты жақсартуға оң ықпал етеді. Қиыр Шығыстың айрықша орны әлемдегі үш ірі мемлекеттің (Ресей, Қытай, Жапония) тоғысында жатуымен анықталады. Ресейдің тынық мұхиттық жағалауы Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдердің барлығымен де теңіз арқылы байланыс орнатуға мүмкіндік береді.[9]