Режиссерлік өнер

Режиссерлік өнер, режиссура - белгілі бір көркем идеялық ойға қүрылған біртұтас ойын-сауық туындысын жасау енері. Режиссер өзінің ой-қиялымен пьесаны немесе сценарийді, опера не балетті таңдап түсіндіре отырып, бүтал ойын-сауыққа катысушылардың шығармашылық еңбегін эстетикалық түрғыдан біріктіреді. Сөйтіп ол спектакльдің идеялық мазмұны, оның жанры мен сыртқы пішінін ашумен бірге сахна кеңістігінің игеру жолдарын, ырғағы мен мизансценасын белгілейді. Бұған қоса қажетті жағдайда арена мен эстраданы пайдалану мүмкіншілігін, кейіпкердің мінез-кейіпін айкындайды, ал кинематография мен телевизияда кадрды, монтажды, т.б. кұрастыру жұмысын жүргізеді. Режиссер артистер шығармашылығын декорация, костюм, музыка, дыбыс пен жарық беру құрамаларын пайдалану, кинода оператор жұмысын, т.б. осы сияқты ойын-сауықтың барлық компоненттерін өзара кабыстыра отырып үйымдастырады. Режиссерлік өнердің элементтері ежелгі заманда да болған, яғни ол кезде ойын-сауықтың тұтас, жинақы болу жағын драматург не болмаса группадағы жетекші актер өз міндетіне алған. Режиссердің ойын-сауық қоюда басты тұлғаға ие болған жөне оның театр, кино туындысын жасаудағы авторлық функциясы танылған қазіргі ұғымдағы Режиссерлік өнер алғаш рет 19 ғасырдың 2-жартысындағы драматургия театрда пайда болды. Режиссерлік өнердің қалыптасу кезеңі спектакльге қатысушылардың күш-жігерін бір мақсатқа жұмылдыру, кейіпкерлер өмір сүрген орта мен тарихи жағдайды мүмкіндігінше дәл, шынайы бейнелеу, көпшілік көріністерді динамикалык әрі табиғи тұрғыда көрсету секілді тұңғыш рет ансамбль принңипін ұсынған немістің Мейнинген театры, Париждегі А.Антуан мен Берлиндегі О.Брамның Бостандық театры және Лондандағы "Тәуелсіздік театрының" қызметімен тығыз байланысты. Дегенмен аталмыш театрлардың Режиссерлік өнері натурализм тенденңияларынан да құр алақан болмады. Мәскеудің Көркем академиясы театрының негізін салушылар К.С. Станиславский мен В.И. Немирович-Данченко Режиссерлік өнердің жаңа реалистік принциптерін үсынумен қатар оны жүйелі түрде іске асырды. Мәскеу көркем театрының режиссурасы орыс және дүниежүзілік Режиссерлік өнердің дамуына зор ықпал жасады. Режиссерлер осы театрдың тәжірибесі негізінде туған Станиславский жүйесін шығармашылық жолмен пайдаланды. Мұның өзі кейіннен театр, кино және телевизиядағы Режиссерлік өнерде реализмнің зор қарқынмен жан-жақты өріс алып дамуына жол ашты. 20 ғасыр басындағы Режиссерлік өнерде Мәскеу Көркем театрының бағдарламасына қайшы келетін тенденциялар да бой көрсетті. Режиссураның осы уақыттағы өсу жолы Ресейде В.Э. Мейерхольдтың, Ұлыбританияда М.Рейнхардтың жаңашыл экспери-ментке толы ізденістерімен байланысты болды. 20 ғасырдың басында бой көрсеткен кино өнері режиссураның жаңадан перспективалық дамуына жол салды. Алғашқы ірі кинорежиссер Д.У. Гриффит (АҚШ) кең ауқымды тарихи полотнолар жасап коюда экран мүмкіншілігін пайдаланды. 20 ғасырдағы ТМД елдердегі Режиссерлік өнердің өркендеп өсуін Н.Р. Акимов, А.Ахметели, Е.Б. Вахтангов, батыс еуропа театрда А.Арто, Ж.Л. Барро, Б.Брехт, П.Брук, Ж.Вилар; қазақтеатр өнерінде Ж.Шанин, И.Г. Боров, Ш.Айманов, Ә.Мәмбетов, А.Тоқпанов, т.б. шығармашылығымен байланысты. ТМД елдерінің режиссерлері қойған спектакльдерде жаңа әлеуметтік мазмұны батыл әрі жарқын театр формасы арқылы өз шешімін тапты. 20 ғасырдың 2-жартысындағы театр мен кино режиссурасы өзінің реалистік бағытының үнемі нығайып, өсіп отыруымен, жаңашыл ізденістерімен ерекшеленеді. Көрнекті шет ел режиссерлері М.Антониони, И.Бергман, А.Вайда, В.де Сика, П.Джерми, Р.Клер, А.Куросава, т.б. кинематографияда Режиссерлік өнердің дамуына елеулі үлес қосты.

Әдебиеттер:

Станиславский К.С., Собр. соч., т. 1 - 8,1954 - 61; Немирович-Данченко В.И., Театральное наследие, т. 1 - 2, М., 1952 - 54; Таиров А.Я., О театре, М., 1970, Брехт Б., О театре, М., 1960; Барро Ж.Л., Размышление о театре, М., 1963, Брук П., Пустое пространство, М., 1976; Эйгенштейн С., Избр. произв. т. 1 - 6, М., 1964 - 71; Довженко А., Собр. соч., т. 1 - 4, М., 1966 -69,Кулешов Л., Основыкино-режиссуры, М., 1941; Ромм М.И., Беседы о кинорежиссуре, М., 1975. [1]