Раң (көне қала)

Раң - Оңтүстік Қазақстандағы ортағасырлық қала. Қаратаудың терістік бөктеріндегі Шыбық сайында. Раңды 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедиция зерттеген. Қазіргі сақталғаны: биіктігі 2 м, алты бұрышты алаң, іргелерін 0,5 м тас-топырақ басқан. Қаланың орталық бөлігінде қамал болған. Іргелері тастан қаланған құрылыс орындарының сілемдері байқалады. Қала орнын аршу барысында қыш ыдыстар, әр түрлі көзелер, тостағандар табылды. Раң 15 - 17 ғасырларда болған.[1]

Кеңестік дәуірде Қызылбайрақ атанған, бұрынғы Раң Ата ауылы. Ел аузындағы аңызда Раң Ата мұсылман дінін таратушы арабтың сахабасы екен дейді.[2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

<references>

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  2. Созақ өңірі". Сүлеймен Тәбірізұлы. 153-бет. - Алматы: "Дәуір" баспасы, 2007 ж. ISBN 9965-749-84-1.