Райман (Рымжан) Ақтайқызы Барлыбаева

Райман (Рымжан) Ақтайқызы Барлыбаева (1878, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл қ. - 19.7. 1969, Алматы) - оюшы, кестеші. Барлыбаева кезінде қазақтың ұлттық "қошқар мүйіз" өрнегінің сан алуан түрлерінің үлгісін жасаған. 1926 ж. Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық көрмесіне қатысып, кестелі тұскиізі үшін халықаралық жүлдеге ие болды. 1958 ж. Барлыбаеваның 80 жасыңда тіққен кестесі Мәскеу қаласында өткен Бүкілодақтық қолданбалы өнер қөрмесінде бәйге алды. Оның жасаған біраз ою-өрнегі мен кестесі Қазақстан мемлекеттік орталық мұражайында сақтаулы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8