Португалия

Португалия Республикасы
República Portuguesa
Flag of Portugal.svgCoat of arms of Portugal.svg
БайрақЕлтаңба
Әнұран: (тыңдау )
EU-Portugal with islands circled.svg
Португалияның орналасуы (қара-жасыл):
Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
Еуропалық одақта (ашық жасыл)
Тәуелсіздік күні5 қазан 1143 (Леон Патшалығынан ретінде Португалия Корольдігі)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліпортугал тілі миранд тілі (аймақтық тілі)
ЕлордаЛиссабон
Ірі қалаларыЛиссабон, Порту
Үкімет түріПарламенттік республика
Президент
Премьер-министр
Марселу Ребелу ди Соза
Антониу Кошта
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 109-орын
92 391 км²
0,5
Жұрты
• Сарап (2009)
Тығыздығы

10 707 924 адам (77-ші)
114 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды (2008)
  • Жан басына шаққанда

236,049 млрд[1] $ (46-шы)
22 232[1] $
АДИ (2013)0,816 (өте жоғары.) (43)
Этнохоронимпортугалдар, португалдық португалиялықтар
ВалютасыЕуро
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.pt .eu
ISO кодыPT
ХОК кодыPOR
Телефон коды++351
Уақыт белдеулері+0, +1 жазда

Португалия (порт. Portugal), ресми атауы Португалия Республикасы[2] (порт. República Portuguesa) — Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен шектеседі, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale — «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтар мен бразилиялықтар құрайды.

Саяси жағдайы

Португалияның саяси картасы

Ресми тілі — португал тілі. Халқы католик дінін ұстанады. Астанасы — Лиссабон қаласы Әкімшілік-аумақтық жағынан 18 округ пен 2 автономиялық облыстан тұрады. 1976 ж. қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы республикалық жиналыс. Атқарушы билік - үкіметтің қолында. Ұлттық мейрамы — Португалия күні — 10 маусым (1580). БҰҰ-ға (1955), Еурокеңеске (1976), НАТО-ға (1949) және Еуроодаққа (1993) мүше. Ақша бірлігі — эскудо.