Панорамалы кино

Панорамалы кино, кино-панорама - көріністерді үлкен экрандарда табиғи жағдайларға жуықтатып көрсететін кино түсіру әрі оны көрсету тәсілі. Бұл төсіл бойынша түсірілетін фильм бір-біріне 1800 бұрыш жасап орнатылған 3 кино түсіргі аппарат арқылы 35 мм-лік 3 кинотаспаға бір мезгілде түсіріледі. Әр кинотаспаға жалпы панорамалы көріністің бөлігі ғана қамтылады, осылайша түсірілген фильм 3 кино көрсеткі аппаратпен ұзынд. 20 - 30 м болатын ойыс экранда көрсетіледі. Панорамалы кинокадрдың көлденең жазықтықтағы қамтылу бұрышы 150 - 170, ал тік бағытта 55-қа дейін жетеді. Бұл жағдайда экрандағы көріністерді табиғи жағдайларға барынша жақындату әсерін тұғызды. Дыбыс стереофонды тәсілмен 33 мм-лік магниттік кинотаспаға (7-9 канал бойынша) жеке жазылады да, кино көрсету кезінде кескінмен стереоскопты әсер байқалады. Осының нәтижесінде экраннан көрінетін құбылыстарға көрермендердің тікелей "қатысу" әсері туады. Панорамалы кино түсіру әрі көрсету мәселесін ең алғаш рет 1927 ж. франңуз инж. А.Ганс іске асырды. Панорамалы кино КС.РО-да 1957 ж. қолға алынды; ең алғашқы панораматы фильмдер: "Менің елім кең байтак...", "Сиқырлы айна", т.б. Соңғы кезде бір таспаға (70 мм-лік) түсірілетін кең зкранды панорамалы кино жүйесі жасалды. Мұның үш таспалы жүйеден анағұрлым артықшылығы бар. 70 мм-лік таспаға түсірілген алғашқы иаиорамалы фильм - "Жалынды жылдар повесі". [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8