Пазырық қорғандары

Пазырық қорғандары - Алтайдағы Пазырық шатқалында сақтар дәуірінен қалған, мұз басқан үлкен 5 оба. 1929 ж. М.П. Грязнов пен С.И. Руденко зерттеген. Мұнда тереңд. 4 м-ге дейін, ауд. 50 м2- ге жуық тік бұрышты шұңқыр қазылып, оның ішіне бөренеден қиылып биікт. 2 м камера еденделіп, қабырғасы екі қабатталып, төбесі қайың қабығымен, қатар-қатар бөренелермен жабылып, оның үстіне топырақ төгіп, тас үйіп тастаған. Ауа райының, зират құрылысының ерекшеліктеріне және көп жылдық тоң басуына, мүрденің бальзамдалуына байланысты жерленген адам денесі, олармен бірге койылған металдан, ағаштан, матадан, теріден, былғарыдан жасалған түрлі заттар қалпында сақталған. Бұдан табылған заттар Алтайды мекендеген тайпалардың Оңтүстік және Шығыс халықтарымен мәдени байланысы болғандығын білдіреді. Пазырық қорғандары, неғізі-нен, б.з.б. 5 ғасырда салынған (кейбір зерттеушілердің пікірінше б.з.б. 3 -2 ғасырна жатқызады).[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8