Павлодар облыстық филармониясы

Павлодар облыстық филармониясы, Иса Байзақов атындағы Павлодар мемлекеттік облыстық филармониясы - мәдени-концерттік мекеме. 1943 ж. ұйымдастырылды. Құрамында 2 лекциялық-музыка тобы, қазақ музыка лекторийі, байырғы және осы заманғы музыка оркестрі, т.б. шығарм. ұжымдар жұмыс істеді. Бұлар музыка-ағарту, лекциялық және концерттік жұмыстар жүргізді. 1974 ж. Қазақстанда камералық музыка фестивалін алғаш ұйымдастырып өткізу (Павлодарда) филармония өмірінде елеулі оқиға болды. Сол жылдан бастап "Алтын масақ", "Көктем үні", т.б. әр алуан тақырыпта фестивальдар өткізу дәстүрге айналды. 1980 ж. филармонияға ақын И.Байзақовтың есімі берілді. 1982 жылдан көркемдік жетекшісі А.Қалиев болды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8