Павлодарочка

"Павлодарочка" - әуесқой би ансамблі. Павлодар трактор з-ды өндірістік бірлестігінің қалалық мәдениет сарайы жанынан 1957 ж. құрылды. 1967 ж. халық ансамблі атағына ие болды. Көркемдік жетекш. А.Е. Лобанова болды. Ансамбль репертуарынан ТМД халыктарының билері, қазақ халық билері, сондай-ақ, "Бейбітшілік үшін", "Қазақ мерекесі", "Бақытымыз еңбекте", "Тың астығы", "Жаны жас ардагерлер", т.б. хорегор. композициялар орын алды. Гастрольдік сапармен Украина, Белоруссия, Өзбекстан мен Ресейдің (Мәскеу, Омбы), сондай-ақ, Алматы, т.б. қалаларында болып, өнер көрсетті. Бүкілодақтық әуесқойлар өнері фестивалі (1967), Еңбекшілер көркемөнерпаздық шығармғының І-Бүкілодақтық фестивалі (1976) мен Қазақстан Комсомол сыйлықтың лауреаты (1982).[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8