Павлодар

Қала
Павлодар
ТуТаңбасы
ТуТаңбасы
ЕлҚазақстан
СтатусыОблыс орталығы
ОблысыПавлодар облысы
Координатасы52°18′ с. е. 76°57′ ш. б. / 52.300° с. е. 76.950° ш. б. / 52.300; 76.950 (G) (O) (O) (Я)
ӘкіміБақауов, Болат Жұмабекұлы
Құрылған уақыты1720
Қала статусы1861
Жер аумағы637,8 км²
Ресми тіліқазақ
Тұрғыны353 930[1] адам (2014)
Ұлттық құрамыорыстар 45,74 %
қазақтар 38,62 %
украиндар 6,69 %
немістер 2,73 %
татарлар 2,34 %
белорустар 0,86 %
басқалары 3,02 %[2]
Этнохоронимпавлодарлық
Уақыт белдеуіUTC+6:00
Телефон коды+7 7182
Пошта индекстері140000 — 140017
Автомобиль кодыS, 14
Ресми сайтыhttp://akimat-pvl.gov.kz/
 (қаз.)  (орыс.)
Павлодар (Қазақстан)
Red pog.png
Павлодар мешіті.

Павлодар (Кереку) — Қазақстанның солтүстік-шығысындағы қала (1861 жылдан), өзімен аттас облыс орталығы (1938 жылдан), ірі темір жол станциясы, өзен айлағы және әуе порты. Тұрғыны 304,5 мың адам (2004). Қала Құлынды даласының оңтүстік-батыс шеті саналатын Ертіс өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 135 м биіктікте орналасқан. Іргесі 17 ғасырдың аяғында Ертіс өзенінің маңындағы көлдерден тұз өндіруге байланысты қаланған.

Тарих

  • 1720 жылы оның негізінде Коряков әскери бекінісі (форпост) салынды.
  • 1838 жылы Ямышов қамалынан әскери бөлімнің көшірілуіне байланысты Коряков станциясы салынды.
  • 1861 жылы форпост Павлодар деп аталды да, облыстар құрылуына сәйкес Семей облысына қарасты Павлодар уезінің орталығына айналды.
  • 1932 жылға дейін округтік қала орталығы болды.
  • 19321938 жылдары Шығыс Қазақстан облысында аудан орталығы болды.

Кеңес өкіметіне дейін Павлодар негізінен ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдейтін, техникамен нашар жабдықталған кішігірім кәсіпорындардан тұратын өнеркәсіп пен сауда орталығы ғана болды. Мәдени-ағарту мекемелерінен небары 6 бастауыш мектеп, 1 қоғамдық кітапхана мен клуб жұмыс істеді.

  • Қаланың ірі өнеркәсіп орталығына айналуына 1938 жылы өзімен аттас облыстың құрылуы және 1953 жылы Оңтүстік Сібір темір жол магистралінің салынуы үлкен әсер етті.