Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Оңтүстік Қазақстан облысының елтаңбасы
Оңтүстік Қазақстан облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Оңтүстік Қазақстан облысы

Облыс орталығы

Шымкент

Құрылған уақыты

1932 жылы

Аудандар саны

11

Тұрғыны

2 788 653[1] (2015 жыл)
1-ші орын
- тығыздығы
23 адам/км²
1-ші орын

Ұлттық құрамы

қазақтар 72,88%
өзбектер 16,79%
орыстар 4,72%
тәжіктер 1,23%
басқалары 4,38% (2015ж.)[2]

Жер аумағы

13-ші орын

- Барлығы
- Су беті

117 249 км²

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Әкімі

Жансейіт Түймебаев

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-YUZ

Телефон коды

+7 725х xx-xx-xx

Пошта индекстері

16 xxxx

Автомобиль коды

13

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Ресми сайты

http://ontustik.gov.kz/

Оңтүстік Қазақстан облысыҚазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды.

Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар.[3]

Табиғаты

Жер бедері. Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 – 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері – Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 – 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 – 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері – Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды. Облыстың ең биік жері – Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.