Оралбай Әбдікәрімов


Әбдікәрімов, Оралбай
Дүниеге келгені:18.12.1944
Мансабы:Сенатор

Әбдікәрімов, Оралбай (18 желтоқсан, 1944 жыл, Нұра ауданы)— Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты (сенатор).

Қысқаша өмірбаяны

  • Білімі жоғары, Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
  • Еңбек жолын шопандықтан бастаған, әскери теңіз флотында борышын атқарған.
  • 1969 жылдан бері қоғамдық-саяси жұмыста.
  • 1981 ж. бастап республика басқару органдары салаларында мемлекеттік қызметте.
  • Қазақстан Республикасы Президенті Аппараты мен Министрлер Кабинетінің ұйымдық-инспекторлық және аумақтық даму бөлімдерінің меңгерушісі болып тағайындалған
  • Елбасы Әкімшілігінің Басшысы
  • республикалық Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы
  • Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы
  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы қызметтерін атқарған.
  • 1999 ж. қарашаның 30-ында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалған,
  • 1999 ж. желтоқсанның 1-інде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болым сайланған.
  • 2004 ж. наурыз айында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.
  • 2007 ж. мамырдың 15 Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
  • 2007 ж. тамыздың 28 ҚР Президенті жарлығымен ҚР Парламенті Сенаты депутаты боп тағайындалған (Президент үлесі бойынша).
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12 шақырылымының депутаты болған.[1]