Олег Сафронович Ли

Олег Сафронович Ли (4.5.1942 жылы туған, Өзбекстан, Наманган қаласы) - актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1975). Сол жылдан бастап Республикалық корей музыка комедия театрында актер болып, 20-дан астам рольдер орындады. Атап айтсақ, Гамлет (У.Шекспирдің "Гамлетінде"), Флориндо (К.Гольдонийдің "Екі мырзаға бір қызметшісінде"), Женя Сапарғалиев (М.Шатровтың "Менің үшінші курстағы махаббатымында"), Улин (А.Абдуллиннің "Он үшінші председателінде"), т.б. Қазір осы театрдың бас режиссер Ол 30-дан астам спектакльдер (Ен Сен Ненаның "Тамұқтың қоңыраулары", Хан Диннің "Янба-не туралы толғау", Т.Миннулиннің "Бесік жыры", Г.Лорканың "Бернерд Альбаның үйі", Мольердің "Тар-тюф", М.Задорновтың "Күйеуіңізді сатып аламын", т.б.) қойды. 1971 жылдан киноға ("Транссібір экс-пресі", "Теңіздегі адамдар", "Кек", "Жұлдызшы", т.б. 30-ға жуық) түсіп, халықаралық жүлделер алды. Әскери атағы - запастағы старшина. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Міндетті түрде әлемдік державалардың деңгейіне жөтуі тиіс». Хоббиі - өмір. Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, фантастика. Үйленген. Жұбайы - Ким Галина Николаевна, Мемлекеттік корей музыкалық комедия театрында актриса. ¥лы - Ли Станислав, П.И. Чайковский атындағы Мемлекеттік консерваторияның студенті.[1][2]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
  2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8