Николай Иванович Яковлев

Николай Иванович Яковлев (27.6.1927, қазіргі Санкт-Петербург қаласы - 1.4.1985, Семей қаласы)- кескіндемеші. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1948 жылы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі колледж) бітірген. Ол "Үста" (1955), "Парк", "Күз", "Көктем" (1956), "Жаңа Семей" (1958), "Ертеңгі шақ", "Бұқтырма СЭС-і" (1959), "Ертіс жағалауында" (1960), "Ымырт" (1964), "Ертіс" (1965), "Партизан керуені" (1967), 1941 жылдың басы" (1985), т.б. туындыларымен танымал. Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8