Мұхаммед

Мақалалар жиынтығы
Мұхаммед
Muhammad
Portal.svg      Folder Hexagonal Icon.svg      Commons-logo.svg

Мұхаммед (араб.: محمد/mʊħɑmmæd/, айтылуы , Мұхамет, Мухаммад 22 сәуір 571(05710422), Мекке — 8 маусым 632, Медине) — Ислам пайғамбары. Ислам ілімі бойынша, ол Адам, Ибраһим, Мұса, Иса және т.б. пайғамбарлардан бері келе жатқан монотеизмнің негізгі ілімдерін растауға жіберілген Алла Елшісі (Расул Аллаһ). Барлық ислам ағымдарына сәйкес Алланың соңғы пайғамбары. Мұхаммед Арабияны біртұтас мұсылман үмметіне біріктіріп, өзінің ілімдерін, сүнеттерін және Құранды Исламның діни сенімінің негізіне айналдырды.

Шамамен 570 жылы (Піл оқиғасы) Мекке қаласында дүниеге келген Мұхаммед, балалық шағында жетім қалған. Көкесі Әбу Тәліптің қолында өскен. Мезгілімен түндерін Хира тауының үңгірінде ғибадат жасаумен оңашаланып өткізетін. Кейін 40 жасында үнгірге Жәбірейіл періште келіп, Алладан ең алғашқы уахи түсірілді. Үш жылдан соң, 610 жылы, Мұхаммед бұл уахилерін ашық түрде уағыздай бастады. Исламның басқа да пайғамбарлары сияқты "Құдайдың бір" екенің, оған толықтай "бойсұну" (ислам) — амалдың (дін) тура жолы екенін және өзінің Алланың соңғы пайғамбары және елшісі екенін жариялады.

Мұхамммед алғашқы ерушілерімен (сахабалар), Меккелік бірнеше тайпалардың қарсылығына тап болды. Қуғыннан құтылу үшін, Мұхаммед кейбір ерушілерін Абиссинияға жіберді, кейін 622 жылы барлық сахабаларымен Меккеден Мединеге (Ясриб) жер аударды. Бұл оқиға — Хижрададан, Ислам күнтізбесі басталады (Хижри күнтізбе). Мединеде Мұхаммед тайпаларды Медине дәстүріне біріктіреді. 629 жылы желтоқсанда, Меккелік тайпалармен қақтығыстың үзілгенінен сегіз жыл өткен соң, Мұхаммед жаңадан қосылған 10,000 мұсылмандардан әскер құрып Меккеге жорыққа шықты. Шайқас негізінен талассыз өтіп, Мұхаммед қаланы аз қантөгіспен алды. 632 жылы, соңғы қажылықтан қайтқаннан соң бірнеше айдан кейін, ол ауырып қайтыс болды. Оның өлімінің алдында, Арабия түбегінің көбі Исламға өтті.

Мұхаммедтің өмірінің соңына дейін түскен уахилер (әрқайсысы Аят "[Құдай] белгісі" деп аталады), Құранның сүрелерін құрайды. Мұсылмандар оны "Құдайдың сөзі" деп санайды және дін соған негізделеді. Құраннан бөлек мұсылмандар Мұхаммедтің сөздері мен іс-әрекеттеріне (сүннет), хадис, сира әдебиеттеріне сүйенеді және ислам құқықтары (шариғат) ретінде қолданады.

Аты

Мұхаммедтің аты каллиграфиялық және әдепкі нұсқада жазылуы

Исламда есімге үлкен, сакралды түрде мән беріледі. «Мұхаммед» деген ат «Қайта-қайта мадақталған», «Мақтауға лайық» деген мағынаны береді. Құранда ол өз атымен тек бес-ақ рет аталған, бірақ одан бөлек ол пайғамбар (ән-Нәби), хабаршы (Расул), Құдайдың құлы (Абд), хабаршы (Башир), ескертуші (Назыр), еске салушы (Музаккир), куәгер (Шаһид), Құдайға шақырушы (Да’и) және т.б. есімдерімен аталады. Мұсылман дәстүрі бойынша Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда немесе жазылғанда, әрқашан «Саллалаһу әлейһи уә сәлләм» (араб.: صلى الله عليه وسلم‎) — яғни «оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын» деп айтылады.

Мұхамедтің толық атының құрамына Адам атадан басталып барлық танымал аталарының есімі кіреді, сонымен қатар оның ұлының атына байланысты әл-Қасым деген куньясы да бар. Мұхаммедтің толық аты былай: Әбул Қасым Мұхаммед ибн Абдуллаһ (орыс.) қаз. ибн Абдулмутталиб ибн Хашим (орыс.) қаз. ибн Абду Мәнаф (орыс.) қаз. ибн Қусай ибн Килаб ибн Мүррә (орыс.) қаз. ибн Кааб ибн Лүуәй ибн Ғалиб (орыс.) қаз. ибн Фихр ибн Малик ибн ан-Надр ибн Кинанә (орыс.) қаз. ибн Хузәйма ибн Мудрикә ибн Ильяс ибн Мудар ибн Низар (орыс.) қаз. ибн Мәад ибн Аднан (орыс.) қаз. ибн Адад ибн Мукаввим ибн Нахур ибн Тайрах ибн Иаруб ибн Яшжуб ибн Набит ибн Исмаил ибн Ибраһим ибн Азар (орыс.) қаз. ибн Нахур ибн Саруг ибн Шалих ибн Ирфхашад ибн Сам ибн Нұх ибн Ламк ибн Матту Шалах ибн Ахнух ибн Иард ибн Махлил ибн Кайнан ибн Ианиш ибн Шит (орыс.) қаз. ибн Адам.[1]

Дінге сенетіндер оны құрметтеп куньясы бойынша Әбул Қасым деп атаған және Мүхаммедтің көзі тірісінде тек ол ғана осы куньяның иесі болған. Ал Мұхаммед пайғамбарға дұшпандықпен қарағандар, оны мазақпен Ибн Әбу Кабша деп атаған, яғни Әбу Кабшаның ұлы деген. Ол сүт анасы Халиманың күйеуі болған.[2].