Молдова

Молдова Республикасы
молд. Republica Moldova
Flag of Moldova.svgCoat of arms of Moldova.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Limba noastră»
Әнұран: (тыңдау )
Location Moldova Europe.png
Тарихы
Құрылды1359 жылы
Тәуелсіздік күні27 тамыз 1991 (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілімолдаван тілі (румын)
ЕлордаFlagge-Chisinau-01-10.png Кишинев
Ірі қалаларыКишинев, Тирасполь, Бельцы, Бендеры, Рыбница, Кахул
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Парламент төрағасы
Игорь Додон
Павел Филип
Андриан Канду
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 135-ші-орын
33 846 км²
1,4
Жұрты
• Сарап (2012)
Тығыздығы

3 559 500 адам (118-ші)
111,4 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

7,559 млрд[1] $
2127,730[1] $
АДИ (2011) 0,649[2] (орташа) (111-ші)
Этнохорониммолдовандар
ВалютасыМолдован лейі
(MDL, код 92)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.md
ISO кодыMDL
ХОК кодыMDA
Телефон коды+373
Уақыт белдеулеріUTC+2, жазда UTC+3

Молдова, Молдова Республикасы (молд. Moldova, Republica Moldova ) — Оңтүстік-Шығыс Еуропада орналасқан мемлекет. Жер көлемі 33,7 мың км². Халқы 4,43 млн. адам. Астанасы – Кишинев қаласы. Ресми тілі – молдован тілі. Негізгі халқын молдовандар құрайды (70%). Сонымен бірге, украиндар, орыстар, гагауздар, еврейлер, болгарлар, т.б. тұрады. Негізгі ұстанатын діні – христиан дінінің православие тармағы. Мемлекет басшысы – Президент. Үкімет басшысы – премьер-министр. Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (Жоғарғы кеңес). Ақша бірлігі – лей. Ұлттық мейрамы – 27 тамыз — Тәуелсіздік күні.

Шығыс Еуропа жазығының Днестр мен Прут өзендері аралығында орналасқан. Жері жоталы, жазықты келеді. Орталығын Кодра қыраты алып жатыр. Ең биік нүктесі – Баланешты тауы (429 м). Днестр өзенінің оң жағалауы – Днестр маңы қыраты (биіктігі 250 – 345 м), сол жағалауы – Подоль қыратының қиыр шеті және солтүстігінде Солтүстік Молдовия жазығына ұласады. Молдованың оңтүстігіндегі Оңтүстік Молдовия жазығы Қара теңіз маңы ойпатына жалғасады. Климаты – қоңыржай континенттік; қысы қысқа, қары жұқа, жазы ұзақ, ыстық келеді. Жаздағы орташа температура 22°С (шілде айында 40°С-қа дейін), қыстағы орташа температура –3 – 5°С (қаңтар айында –30°С-қа дейін). Жылдық жауын-шашын мөлшері 370 – 500 мм. Өзендері – Қара теңіз алабына жатады. Ірі өзендері – Днестр (Молдова жеріндегі ұзындығы – 657 км), Прут (Молдова жеріндегі ұзындығы – 695). Ірі көлдері – Белеу, Драчеле, Ротунда және т.б. Кеме қатынасы жақсы дамыған. Аумағының 75%-ы қара топырақты, 9%-ы орманды алқап болып келеді. Әктас, гипс, шынылық құм (әйнек), мұнай-газ, т.б. табиғи байлықтар бар.

Табиғаты

Климаты қоңыржай континентті. Жазы ұзақ әрі ыстық. Қысы қысқа әрі жұмсақ. Жылына түсетін жауын-шашын мөлшері аз (солтүстікте – 500 мм, ал оңтүстікте 400 мм-ге деін). Сондықтан егістер қолдан суландыруды қажет етеді. Топырақ-климат ресурстары республиканың негізгі табиғи байлығы болып саналады. Климаттың температуралық режимі және құнарлы қара топырағы бау-бақша және жүзімдіктер өсіруге өте қолайлы. Аумағының 80%-ы ауыл шаруашылығының үлесіне тисе, оның 12%-ын гүл плантациялары, бақтар мен жүзімдіктер алады. Денстр, Прут өзендерінің және оның салаларының Молдова шаруашылығында маңызы өте зор. Олар су мен энергияның негізгі көзі болып табылып қана қоймай, кеме қатынасында да қолданылды. Республика аумағы пайдалы қазбаларға өте кедей. Мұнда тек құрылыс материалдар өндірісіне керекті шикізаттар қоры ғана бар. Молдовада отын ресурстары аз болғандықтан оны ТМД-ның республикаларынан тасымалдайды.