Моисей Зеликович Левин

Моисей Зеликович Левин
Сурет
А. Назаровтың "Қазақ киносының бастаушысы" кітабынан алынған сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні:

16 ақпан 1895(1895-02-16)

Туған жері:

Санкт-Петербург, Ресей империясы

Қайтыс болған күні:

19 тамыз 1946(1946-08-19) (51 жас)

Қайтыс болған жері:

Санкт-Петербург, РКФСР, КСРО

Азаматтығы:

 Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Flag of the Russian Soviet Federative Socialist Republic.svg РКФСР (1917-1922)
Flag of Russia.svg Ресей империясы (1895-1917)

Мамандығы:

режиссёр, театр суретшісі

Белсенді жылдары:

1923-1946

Моисей Зеликович Левин (16 ақпан 1895, Санкт-Петербург қаласы - 19 тамыз 1946, сонда) — театр суретшісі, кинорежиссер, Қазақстанның халық суретшісі (1944).

Өмірбаяны

Негізінен Санкт-Петербург театрларында жұмыс жасады.

Конструктивизмның ықпалымен жасалған Левинның алғашқы декорациялары актерлердің шынайы ойынына қайшы келді.

20-жылдардың 2-жартысынан бастап суреткер шығармашылығында реалистік бағыт бой көрсете бастайды. Эмоциялық және психологиялық бояуының қанықтығы, бейнелі жинақтылық - оның таңдаулы спектакльдері декорациясына тән қасиет болды.

30-жылдардың аяғында Левин кино өнерімен шұғылданды. 1938 жылы В.В. Иванов, Б.Майлин, Ғ.Мүсіреповпен бірлесіп жазған сценарийі негізінде "Амангелді", 1940 жылы М.Әуезовтің сценарийі бойынша "Райхан" атты көркем фильмдері қойылып, қазақ кино өнерінің дамуына үлкен үлес қосты.[1]