Мағауия Хамзин

Мағауия Хамзин (29 желтоқсан 1927 жылы, қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қоңырат кенті - 2000) - домбырашы, күйші-композитор, шертпе күйді шебер орындаушылардың бірі. Қазақстанның халық артисі (1979).

Әкесі Хамза мен ағасы Әшімтай ғажайып музыканттар болды.. Күйшілік өнерге баулыған әкесі Хамза және Сатан, Хамит, Әшірбек сияқты әнші-күйшілер болды. Ұстазы Аққыздан үйренген Тәттімбеттің "Сары жайлау","Сылқылдақ" күйлерін көркем өнерпаздар үйірмесінде шебер орындап, көзге түсті.

Өмірбаяны

  • 1949 жылы Алматы музыкалық училищесін бітірді.
  • 1944 жылы Қарағанды филармониясына қабылданды. Осы кезеңде күйші домбыра өнерінің қыры мен сырын жете меңгерді.
  • 1949 - 1952 және 1958 - 1961 жылдары Қазақтың халық аспаптар оркестрінде қызмет етті.
  • 1952 - 1957 жылдары Балқаш мыс қорыту зауытының көркемөнерпаздар ұжымын басқарды.
  • 1961 жылдан "Қазақконцертте" жеке домбырашы.[1]