Людмила Александровна Ярошенко

Людмила Александровна Ярошенко (10.10.1929 жылы туған, Одесса қаласы) -актриса, Қазақстанның еңбегі сіңген артисі (1966). 1954 жылы Мәскеудің М.С. Щепкин атындағы театр училищесін бітірді. 1954 - 1976 жылдары Алматы қаласында түрып, Орыс академиялық драма театрының актрисасы болды. Орыс және шет ел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерге қатысып ойнады. Орындаған рольдері қатарында Райхан (Н.И. Ановтың "Мұрагерлерінде"), Мария Спиридонова (М.Ф. Шатровтың "Алтыншы шілдесінде"), т.б. бар. Оған 1967 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8