Луганский бюсті

Луганский бюсті - Алматы қаласындағы Абылай хан даңғылы мен Гоголь көшесі және Әйтеке би көшесі аралығына қойылған. Бюст КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының 1944 жьшғы 1 шілдедегі жарлығы бойынша Кеңес Одағы Батыры атағын 2 рет алған алматылық ұшқыш С.Д. Луганскийге арналып, 1947 ж. ашылды. Мүсіншісі - Н.И. Павлов, архитектор - И.И. Белоцеровский. Қоладан құйылған бюст гранит тұғырға орнатылған. Биіктігі - 2 м.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8