Леонт Владимирович Леонов-Вендровский

Леонт Владимирович Леонов-Вендровский (15.11.1889, Санкт-Петербург қаласы-5.10.1954, Семей қаласы) -режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1946). Санкт-Петербург театр училищесі (1908 - 11) мен сахна өнері техникумында (1933 - 1936) оқыған. 1940 - 1954 жылдары Семей облысы музыка драма театрының көркемдік жағын басқарды, бас реж. қызметін атқарды. Осы театрда М.Әуезовтің "Қара қыишақ Қобыландысы" мен "Сын сағаттасын", Ғ.Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегін", Ш.Құсайыновтың "Алдар көсесін", Ә.Әбішевтің "Достық махаббатын", Л.А. Юхвид пен А.Б. Александровтың "Малиновка-дағы тойын", Т.Г. Шевченконың "Назар Стодолясын", У.А. Гаджибековтің "Аршин мал аланын", т.б. қойды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8