Леонид Владимирович Гербановский

Леонид Владимирович Гербановский (20.7.1912, Полтава қ. -6.9.1943, сонда) - кескіндемеіні.Полтава Пионерлер үйі жанындағы студияда оқыған (1929 - 1930). 1933 жылдан Алматыда тұрып, респ. газеттерде ("Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас", т.б.) жұмыс істеді. Гербановскийдің тушь және қарындашын салған "Сайгүлік мінген шабандоз-дар" (1933), "Қазақ портреті", "Атты әскер" (1941), "А.Ғалымбаева портреті" (1939) атты акварель "Қария портреті", "Есік қөлінде" (1938), "Кеш" (1939), "Жарыс ипподромында", "Қала пейзажы" (1940), т.б. кесқіндемеліқ-гравюралық туындылары Қазақстан Мейл. өнер мұражайында сақтаулы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8