Лебяжі халық театры

Лебяжі халық театры - драмалық әуесқойлар ұжымы. Павлодар облысы Лебяжі ауданы мәдениет үйі жанынан 1937 жылы құрылды, 1959 жылы оған халық театры атағын берді.

Алғаш ұйымдастырып, оның көркемдік жағын (1937 - 1960) педагог Д.Ахметов басқарды. Бұдан кейінгі жылдары көркемдік жетекшісі болған А.Қалиев (1960 - 63) пен Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері К.Хамзин (1965 - 75) ұжымның өркендеуіне мол үлес қосты. 1980 жылдан көркемдік жетекшісі А.Жағыпаров болды. Мұнда 50-ден аса спектакль қойылды. Олардың қатарында қазақ қаламгерлері Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш - Баян сұлуы" мен "Қыз Жібек", М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайы", С.Субханбердиннің "Ақбет тауға беттеген", т.б. бар. Театр ұжымы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Омбы облысының аудандарын, Алтай өлкесін аралап, өнер көрсетті. Еңбекшілер көркем-өнерпаздық шығармашылығының Республикалық байқау жүлдесінің иегері (1973).[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8