Кәмәси Өмірзақов


Кәмәси Өмірзақов
Дүниеге келгені:1913
Алматы облысы Андреев ауданы
Қайтыс болғаны:1965
Алматы
Мансабы:актер

Кәмәси Өмірзақов (17.2.1913, Алматы облысы Андреев ауданы - 4.8.1965, Алматы) - актер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1965). 1936 - 38 ж. Қазақ акад. драма театры жанында ұйымдастырылған студияда оқыды. 1941 - 42 ж. осы театрда актер болып қызмет етті. 1942 - 47 ж. Біріккен орталық киностудиясында (ЦОКС), ал 1947 жылдан бастап қазіргі Қазақ акад. балалар мен жасөспірімдер театрында актер болды. Басты рольдері: М.Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың "Алтьш сақасында" Шоң, Ақынжановтың "Ыбырай Алтынсариндегі" Шоңмұрын, Қ.Саты-балдиннің "Аягөз аруындағы" Далбасқан, Ф.Шиллердің "Махаббат пен зұлымдығында" Миллер, А.Н. Толстойдың "Алтын кілтіндегі" Карло атай, Ш.Құсайыновтың "Алдар көсесіндегі" Қарашор, т.б. Ол кино-ға да ("Жамбылдағы" Темір, "Абай әніндегі" Шал, "Иван Грозныйдағы" Солдат, "Шоқан Уәлихановтағы" Атқосшы, т.б.) түсті.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8