Күрделі зат есім

Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған зат есімдер жатады. Ондай зат есімдер қазіргі қазақ тілінде төрт түрлі:

  1. Біріккен зат есімдер,
  2. Қосарланған зат есімдер,
  3. Тіркес (құрама) зат есімдер,
  4. Қысқарған зақ есімдер

Біріккен зат есімдер

Біріккен зат есімдерге кемінде екі түбір морфемадан бірігу арқылы жасалған зат есімдер жатады.

Мысалы: бәйтерек, бәйшешек, белбеу, көкпар, қайнаға, қолбасы, қолқанат т. б.