Келгенбай Жиенбайұлы Төлеутаев

Келгенбай Жиенбайұлы Төлеутаев(1938, Алматы облысы Ақсу ауданы Үлгі а. - ө.ж.б.) - музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. 1964 ж. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. Қарағанды облысы халықтық ансамблінің дирижері және көркемдік жетекшісі, 1983 жылдан Жетісу мемлекеттік университетінде ұстаз болды. Төлеутаев Балқаш өңірі қазақтарының музыка фольклорын көп жыл бойы зерттеген. Қазақ халқының музыкасы туралы көптеген радио және телехабарлардың авторы. Сондай-ақ, Төлеутаев "Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы", "Қазақ тәрбиесінің ерекше түрлері", "Балқаш өңірінің халық әндері", "Ән көңілдің айнасы", "Ақын сазгер Күлбараш Мұханова" атты кітаптардың авторы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8