Италия

Италия Республикасы
Repubblica Italiana
Flag of Italy.svgEmblem of Italy.svg
БайрақЕлтаңба
Әнұран: (тыңдау )
EU-Italy.svg
Италияның орналасуы (қара жасыл):
Еуропада (ақшыл жасыл және қара сұр)
Еуропалық одақта (ақшыл жасыл)
Тарихы
Құрылды2 маусым 1946
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тіліиталиян тілі
ЕлордаРим
Ірі қалаларыРим, Милан, Неаполь, Турин, Палермо, Генуя, Болонья, Флоренция, Бари, Катания, Венеция
Үкімет түріПарламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Серджио Маттарелла
Паоло Джентилони
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 70-ші-орын
301 230 аралдарды қосқанда 309 547 км²
2,4
Жұрты
• Сарап (2010)
• Санақ (2001)
Тығыздығы

60 605 053[1] адам (23-ші)
56 995 744 адам
201.1 адам/км² (43-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

1,771 трлн[2] $ (10-шы)
29 417[2] $ (27-ші)
ЖІӨ (номинал)
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

2,036 трлн[2] $ (7-ші)
33 828[2] $ (22-ші)
АДИ (2011) 0,874[3] (өте жоғары) (24-ші)
Этнохоронимиталияндықтар
Валютасыеуро (EUR, коды 978)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.it [4]
ISO кодыIT
ХОК кодыITA
Телефон коды+39
Уақыт белдеулері+1

Италия Республикасы, Италия (итал. Repubblica Italiana, Italia) — Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира. Ұлттық мерекесі маусымның алғашқы жексенбісі – Республиканың құрылған күні (2 маусым, 1946).

Табиғаты

Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – Монблан шыңы (4807 м) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Пайдалы қазбалары: тас көмір, лигнит, мұнай, табиғи газ, қорғасын, темір кентасы, күкірт, т.б. Сынап кенінің табиғи қоры жағынан ел дүние жүзінде Испаниядан кейін 2-орында. Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 – 22°С-тан (солтүстікте) 28°С-қа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0°С-тан (солтүстікте) 12°С-қа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста –15 – 20°С аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 мм-ден (Сицилия, Сардиния) 3000 мм-ге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін. Елдің басты өзені – По (ұзындығы 652 км) (Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 м-ге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.