Ислам

Қағба - Ислам дінінде Құбыла, бүгінгі күнгі Сауд Арабиясының Мекке қаласында орналасқан. Әлемнің әр елінен жиналған мұсылмандар Аллаһқа бірігіп құлшылық етуде
Медине қаласындағы Мұхаммед пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) мешіті

Ислам (араб.: إسلام‎) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم‎) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى‎) Аллаһ тарапынан түсірілген.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ.

Исламның негіздері

Имам Муслим хадистер жинағында Омар ибн әл-Хаттабтан жеткен хадисте Мұхаммед пайғамбар ﷺ Исламның үш мәртебесін айтып, олардың негіздерін атайды[3]

Иман

Бисмилләһир Рахманиир Рахим
Әһл әс-Сунна
туралы мақалалар тізімдемесінің бөлігі


Иман негіздері
Аллаға иман
Періштелерге иман
Қасиетті кітаптарға иман
Аллаһ елшілеріне иман
Ақырет күніне иман
Тағдыр мен қазаға иман

Иман (араб.: الإيمان‎) — мұсылмандықтың ең үлкен дәрежесі. Иман алты негізден құралып, көбінесе адамның ішкі қасиеттерін реттейді:

  1. Аллаһқа иман келтіру
  2. Періштелерге иман келтіру
  3. Қасиетті кітаптарға (Құран, Інжіл, Тәурат, Забур) иман келтіру
  4. Пайғамбарларға иман келтіру
  5. Ақырет күніне иман келтіру
  6. Тағдыр мен қазаға иман келтіру

Иман сөзі — араб тіліндегі «ә-мә-нә (араб.: آمن‎)» етістігінен шығып, ифғал (араб.: إفعال‎) бабында қолданылған масдар (араб.: مصدر‎ — түбір сөз) болып саналады. Ал жалпы иман ұғымы — бір адамның сөйлеген сөзін қуаттау, айтқанын қабыл ету, шын көңілімен қабыл ету, күмәнға жол берместен нақты, жүрекпен, шын ықыласпен сену деген мағыналарды береді. Иман еткен кісі «мумин (араб.: مؤمن‎)», иман етілген нәрселерге де «муминун би… (араб.: مؤمن بـ‎)» дейді.

Аллаһқа сену

Толық мақаласы: Аллаһ

Алла́һ (араб.: الله‎‎‎) — «ләфз әл-джәләлә» (ұлықтық сөзі), бiр ғана құдай бар екенін бiлдiретiн араб сөзi. «Аллаһ» сөзі кейбір ғалымдардың пайымдауынша арабтың «иләһ (құдай)» сөзіне «ال» артиклін жалғау арқылы пайда болған. Бұл есім Аллаһтың ең әуелгісі және ең ұлысы саналады. «Аллаһ» есімін тек қана Аллаһқа қолдануға болады. Әдеттегіде «Аллаһ» сөзімен қоса «Тағала» немесе «Субханаһу уә Тағала» деген оның ұлықтығын білдіретін сөздер қолданылады[4].

Сурет:Allah 1.jpg
"Аллаһ" сөзінің араб көркем жазуымен жазылуы

Мұсылмандардың сенiмi бойынша, Аллаһ — бүкіл әлемнің жаратушысы және билеушісі. Аллаһтан басқа ешкім бұндай күш иесі емес. Аллаһтың болуы ғалам үшiн өте керек нәрсе, оның жоқтығы мүмкiн емес. Аллаһқа тең ешкім жоқ, және бұны дініне қарамастан адамзаттың көпшілігі мойындайды. Аллаһ сөзінің зор маңызы бар. Барлық өте жақсы аттар және сипаттардың иесi, ол жалғыз. Аллаһ мәңгi, ол туылмаған және тумайды да. Оның ойына адамның ақылымен жету мүмкiн емес. Бірақта Оны Құранда жазылған, Сүннеттен жеткен сипаттармен сипаттауға болады. Аллаһтың Жаратушы, барлығын бақылаушы екеніне Құран Кәрімдегі мына аяттар дәлел болады:

Ей, Адам баласы, сендерді бір адамнан жаратып, оған оның өзінен жұбайын жаратқан, және олардан көптеген ер адамдар мен әйел адамдарды таратқан Аллаһтан қорқыңдар! Оның атымен бір-біріңнен сұрайтын Аллаһтан қорқыңдар және туыстық қарым-қатынасты бұзудан қорқыңдар. Шын мәнінде Аллаһ сендерді бақылаушы

Ниса сүресі, 1-ші аят

Аллаһтың таухиді (бірқұдайшылық) мынадай бөліктерден құралған:

  1. Аллаһтың бүкіл әлемнің Жаратушысы, Ризықтандырушысы және Басқарушысы екеніне, өлтіретін де, тірілтетін де тек қана Аллаһ екеніне, қиындықта көмектесіп, дұға-тілекті орындайтын тек қана Аллаһ екеніне, Одан басқаның бұл істерге күші мен құдіреті жетпейтініне сену;
  2. Барлық құлшылықты тек қана Аллаһқа арнау; өз-өзіңді төмен санау, бағыныштылық, махаббат, иілу және сәжде ету, құрбан шалу мен ант ішуді ешбір серігі жоқ Аллаһқа арнау;
  3. Аллаһ Тағаланың Кітабында және Пайғамбарының Сүннетінде келген есім-сипаттарын мойындап, Оны барлық кемшілік атаулыдан, жаратылыстарға ұқсаудан пәктеу;[5]
"Аллаһ" сөзінің ислам шариғатындағы түсіндірмеcі
Пәкістандағы тасқа қашалған Аллаһ сөзі

«Аллаһ» сөзі Аллаһ Тағаланың барлық көркем есімдерін жинақтаушы есім. Арабтар бұл сөзбен құлшылық етілетінді, яғни сол құлшылыққа лайықтыны атайды. Құранда айтылған:

Ол аспанда да, жерде де Құдай. Ол Хикмет Иесі, Білуші.

Зухруф сүресі, 84-ші аят

Яғни жерде де, аспанда да оған құлшылық қылынады. «Аллаһ» сөзінің мағынасы: Жаратылыстар махаббатпен, ұлықтаумен және бағыныштылқпен құлшылық қылатын Құдай. Барлық көркем сипаттар жиналған Құдай, Кәміл, Ұлық және Көркем. Барлық жаратылыстарды білімімен қамтыған Білуші, күшінен ештеңе айра алмайтын Құдіретті[6].

Аллаһқа серік қосу (ширк)
«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігі жазылған байрақ
Толық мақаласы: Ширк

Араб тілінде «ширк» (араб.: شِرْكٌ‎) сөзі «екі затты тең қылу» деген мағына береді. Ал шариғатта бұл терминнің жалпы және жалқы мағынасы бар:

  • Ширктің жалпы мағынасы: Аллаһтың жеке өзіне тән болған сипатын немесе айырмашылығын басқаға телу. Бұндай ширктің үш түрі болады:
    1. Біреуді Аллаһтың жаратушылық-раббылық сипатына теңеу, немесе осы сипаттармен Аллаһтан басқаны сипаттау;
    2. Тек Аллаһқа ғана тиесілі болған есім-сипаттарды басқа біреу де иеленеді деп есептеу;
    3. Аллаһ Тағалаға құлшылықта серік қосу, яғни құлшылықтың кез келген түрін Аллаһтан басқаға арнау[7];
  • Ширктің жалқы мағынасы деп Аллаһтан басқадан Оған дұға еткендей дұға қылу, Одан қалай шапағат тілесең солай шапағат тілеу, Оған қалай үміт етсең солай үміт ету, Оны қалай жақсы көрсең басқаны солай жақсы көру. Құран мен Сүннетте ширк туралы айтылса негізінен осы түсініледі[7].

Басқа жағынан алсақ ширк екі түрге бөлінеді: үлкен және кіші ширк.

  • Үлкен ширк (араб.: الشرك الأكبر‎) деп Аллаһтан басқаға құлшылық ету, басқаны Аллаһқа теңеуді атайды. Үлкен ширк адамды Исламнан шығарып, оның тозақта запталуына себеп болады;
  • Кіші ширк (араб.: الشرك الأصغر‎) деп үлкен ширкке апаратын істерді немесе Құран мен Сүннетте «ширк» деп аталған, бірақ дәрежесі үлкен ширкке жетпейтін нәрселерді атайды[8].

Ислами сенім (ақида) бойынша Аллаһқа серік қосудың зардабы өте ауыр, тіпті сол ширкте қайтыс болған адам мәңгі-бақи тозақта қалады деп есептелінеді. Аллаһ айтады:

«Шын мәнінде Аллаһ Оған серік қосқанды кешірмейді, одан басқасының (немесе: одан кішінің) барлығын кешіреді, егер қаласа»

Ниса сүресі, 48-ші аят

Аллаһтың көркем-есімдері
Толық мақаласы: Алланың есімдері

Мұхаммед пайғамбар ﷺайтқан:

Шын мәнінде Аллаһта 99 есім бар — бірсіз жүз. Кімде-кім оларды санап шықса жәннәтқа кіреді

—«Сахих әл-Бұхари»: «Таухид кітабы»; «Сахих Муслим»: «Зікір, дұға және тәубе бабы»; «Муснад Ахмад ибн Ханбал»: «Әбу Һурайрадан келген есім-сипат хадистері»; «Сунан әт-Тирмизи»: «Пайғамбардан келген дұғалар бабы»; «Сунан Ибн Маджаһ»: «Дұға бабы»

Аллаһтың көркем есімдеріне сену мұсылманның жанына және оның Жаратушыға деген ғибадатына үлкен әсер етеді. Аллаһқа жан-тәнімен құлшылық қылудағы мән-мағынаны табу — бұл әсердің бір нәтижесі болып табылады[7]. Сонымен қатар Аллаһқа сену, Оның есім-сипаттарына сену — адам баласына Аллаһтан қорқыныш сезімін ұялататын ең үлкен факторлардың бірі, себебі адам Жаратушысын көбірек таныған сайын, Одан қорқынышы көбейе береді[7].

Қасиетті кітаптарға сену

Арабтың «китаб» (араб.: كتاب‎) сөзі «жазу» мағынасын беретін «китаба» (араб.: كتابة‎) сөзінен шыққан. «Жазба», «жазуы бар бет» мағынасын береді. Ал «қасиетті кітаптар» деп Аллаһтың елшілеріне түсірілген Аллаһтың сөздері жазылған кітаптар мен парақтарды атайды. Бұл кітаптар жазылған күйде (Тәурат сияқты) немесе түскеннен кейін жазылған аян түрінде түсіріледі.

Ислам дінінде Аллаһтан келген кітаптарға сену иманның шарты болып есептеледі. Кітаптарға сенбеген адамның иманы жоқ деп саналады. Аллаһ айтады:

«Кімде кім Аллаһқа, Оның періштелеріне, Оның кітаптарына, Оның елшілері мен Ақырет күніне иман келтірмесе, ол үлкен адасуда!»

—(Ниса сүресі, 136-шы аят)

Исламда қасиетті кітаптар деп мыналар аталады:

  • Аллаһ тарапынан Ибраһим мен Мұсаға түскен парақтар (араб.: صُحُف‎)
  • Тәурат кітабы (араб.: توراة‎) — Мұса пайғамбарға түсірілген, Исраил ұрпағының ең ұлы кітабы
  • Забур кітабы (араб.: زبور‎) — Дәуд пайғамбарға түсірілген кітап
  • Інжіл кітабы (араб.: إنجيل‎) — Мәриям ұлы Иса пайғамбарға түсірілген кітап. Кейбір ғалымдар Інжіл Тәураттан тек Исраил ұрпақтары таласқа түскен кейбір жерлерінде ғана өзгеше деп санайды.
  • Құран Кәрім кітабы — Мұхаммед пайғамбарға ﷺ түсірілген Аллаһтың ақырғы кітабы[9]

Ислами сенім бойынша Тәурат, Інжіл секілді кітаптар Аллаһ тарапынан түскенімен, адамдар оларға әртүрлі өзгертулер енгізіп, олардың мағынасын өзгерткен. Ал Құран болса өзгертулерден сақталған боп саналады. Аллаһ айтады:

«Шын мәнінде Біз зікірді түсірдік, және шын мәнінде Біз оны сақтаймыз»

Хижр сүресі, 8-ші аят

Періштелерге сену

Арабтың «періште» (жекеше: мәләк араб.: ملك‎, көпше түрде: мәләикә араб.: ملائكة‎) сөзі «жолдау» (улук араб.: ألوك‎) сөзінен шыққан.

Періштелер Ислам дінінде Аллаһқа толығымен бағынышты, Оның кез келген әмірін орындайтын, елшілерге аян жеткізетін жаратылыстар. Құран Кәрімде періштелер жайлы былай делінген:

«Олар Үстеріндегі Раббыларынан қорқады және бұйырылған нәрсені орындайды»

Нахл сүресі, 50-ші аят)

Мұхаммед пайғамбар ﷺ періштелер туралы:

«Періштелер нұрдан жаратылған, жындар оттан жаратылған, ал Адам — сендерге баяндалған заттан жаратылған»

—«Сахих Муслим» (2996)

Имам әл-Байһақи періштелерге сену деген:

  1. олардың бар екеніне сену,
  2. олардың мәртебесін мойындап, олардың адамдар мен жындар секілді Аллаһтың құлдары екеніне сену
  3. олардың ішінде Аллаһ елші қылып жіберетін, Аллаһтың тағын (арш) көтеретін, жәннәт пен тозақы бақылайтын және т.б. періштелер бар екеніне сену. Осының барлығы Құранда келген[10].

Періштелерге сиыну, олардан көмек сұрау мүлдем тиым салынған нәрсе. Аллаһ айтады:

«Ол сендерге періштелер мен пайғамбарларды құдай қылуды әмір етпейді. Сендер мұсылман болғаннан кейін Ол сендерге күпір істеуге бұйыра ма?»

Әли Имран сүресі, 80-ші аят

Ислам дінінде төмендегідей періштелердің аттары аталады:

  • Жәбірейіл (араб.: جبريل‎): Пайғамбарларға уахи мен қасиетті кітаптарды әкелуші ең үлкен періштелердің бірі[11].
  • Микәил (араб.: ميكائيل‎)[11]
  • Исрафил (араб.: إسرافيل‎) — Исрафилдың (а.с.) қызметі Сұрды (сырнай) үрлеу[12].
  • Малик — жәннәттің қамқоршысы[13]
  • Мәләк ул-мәут (араб.: ملك الموت‎) — тіршілік атаулының жанын алатын періште.
  • Киромән катибин — әрбір адамның бұл дүниеде істеген ісін айна қатесіз жазып отыратын екі періштеге берілген есім.
  • Мункәр мен Накир (араб.: منكر و ناكر‎) — бұл екі періште дүниеде дәм тұзы бітіп, қабірге барған адамнан сұрақ алу қызметін атқарады[14].
  • Хәмәлә ул-арш — Аллаһтың жаратқан нәрселерінің ең үлкені Аршты тасушы 8 періштеге берілген есім.
  • Ридуан (араб.: رضوان‎) — жұмақ қамқоршысы[15]

Пайғамбарлар мен елшілерге сену

Толық мақаласы: Ислам пайғамбарлары
Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі


Mosque02.svg

Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам عليه السلام.pngИдрис عليه السلام.png
Нұх عليه السلام.pngҺуд عليه السلام.pngСалих عليه السلام.png
Ибраһимعليه السلام.pngЛұт عليه السلام.png
Исмаилعليه السلام.pngИсхақ عليه السلام.png
Йақубعليه السلام.pngЮсуф عليه السلام.png
Әйюб عليه السلام.png
Шұғайб عليه السلام.pngМұса عليه السلام.pngҺарұн عليه السلام.png
Зул-Кифл عليه السلام.pngДәуд عليه السلام.pngСүлеймен عليه السلام.pngІлияс عليه السلام.png
Әл-Йаса عليه السلام.pngЮнус عليه السلام.png
Зәкәрия عليه السلام.pngЙахйа عليه السلام.png
Иса عليه السلام.png
Мұхаммед

Арабтың «нәбий» (пайғамбар араб.: نبيّ‎) сөзі «нәбә» (хабар араб.: نبأ‎) сөзінен шыққан. Ислам дінінде иман негіздерінің төртіншісі — Аллаһ тарапынан жер бетіне жіберілген пайғамбарларға иман келтіру. Аллаһ Құранда оларды «расул» (елші) және «нәбий» (пайғамбар) деп атаған. Ислам дініндегі ең соңғы пайғамбар Мұхаммед ﷺ болып есептеледі. Ислами сенім бойынша одан кейін пайғамбарлар жіберілмейді[16].

Пайғамбарлар мен елшілердің саны

Аллаһ жіберген елшілердің саны туралы Әбу Умамадан келген хадисте айтылған:

Бірде бір адам Пайғамбардан ﷺ: «Адам пайғамбар болған ба?», — деп сұраған. Пайғамбар: «Йә», — деп жауап берген. «Ол мен Нұхтың арасында қанша уақыт өтті», — деп қайта сұрақ қойды. Пайғамбар айтты: «Он ғасыр», — деп жауап берген. «Йә Аллаһтың елшісі, қанша елші (расул) болды», — деп қайтадан сұрақ қойды. Пайғамбар: «Үш жүз он бес», — деп жауап берді.

—Ибн Хиббан (2085); әт-Табарани («әл-Аусат» 1/24) және («әл-Кабир» 8/139); әл-Хаким (2/262); шейх әл-Албани сахих хадис деген: «Силсилә әс-сахиха» (2668)

Ал пайғамбарлардың саны туралы кейбір хадистерде олардың саны 124 мың болғаны айтылған. Бірақ кей хадис ғалымдары оларды әлсіз санаған[17]

«Расул» мен «нәбийдің» айрмашылығы

Исламда «нәбий» мен «расул» ұғымдарының арасында айырмашылық бар. Шейх әл-Ислам Ибн Таймийа айтады:

«Әрбір елші — пайғамбар, бірақ әрбір пайғамбар елші емес»

—«Маджмуғ әл-Фатауа», 10/290

Мұсылман ғалымдарының пікірінше пайғамбар мен елшінің айырмашылығы — елшілер қауымға жаңа шариғат әкеліп, оларға кітаптар берілген, ал пайғамбарлар болса өздерінің алдындағы Кітапқа шақырып, алдыңғы елшінің шариғатын бекіткен[18].

Құранда аты аталған пайғамбарлар

Көптеген пайғамбарлардың есімдері Құранда аталған. Мысалға:

«Шын мәнінде Біз саған Нұхқа және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткендей уахи еттік. Және Біз Ибраһимге, Исмаилге, Исхаққа, Яқубқа, (Израильдің) ұрпақтарына, Исаға, Әйюбқа, Юнусқа, Һарун мен Сүлейменге уахи еттік. Және біз Дәуітке Забурды бердік. Және Біз бұрын саған айтылған және айтылмаған расулдар (елшілер) жібердік. Және Аллаһ Мұсамен сөйлесті»

Ниса сүресі, 163-164 аяттар

«Айтыңдар: „Аллаһқа иман келтірдік, бізге түсірілгенге және Ибраһимге, Исмаилге, Исхаққа, Яқубқа, (Израиль) ұрпақтарына түсірілгенге, Мұса мен Исаға берілгенге және пайғамбарларға Раббылары бергенге иман келтірдік. Біз олардың арасын бөлмейміз және Оған ғана бағынамыз“»

Бақара сүресі, 136-шы аят

Қасиетті Құранда есімідері келтірілген пайғамбарлар
Есімі Пайғамбар Елші Басшы Кітап Жіберілген адамдары
Адам (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[19]
Yes check.svg
Басшы әрі патриарх
Адам ғ.с. балалары
Идрис (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[20][21]
Нұх (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[22][23]
Yes check.svg
Елші[24]
Yes check.svg
Патриарх
Нұх адамдары[25]
Һұд (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][26]
Yes check.svg
Елші[27]
Ад адамдары [28]
Салих (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][29]
Yes check.svg
Елші[27]
Талмуд адамдары[30]
Ибраһим (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[31][32]
Yes check.svg
Елші
Yes check.svg
Басшы[33]
Жазулар [34] Ибраһим адамдары[35]
Лұт (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][36]
Yes check.svg
Елші[27]
Yes check.svg
Патриарх
Содом және Гоморра адамдары[37]
Исмаил (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[38][39]
Yes check.svg
Елші[39]
Yes check.svg
Басшы әрі патриарх
Арабтар
Исхақ (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[40][41]
Yes check.svg
Басшы әрі патриарх[42]
Каннан адамдары
Яқуб (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[40]
Yes check.svg
Басшы әрі патриарх[42]
Израильдің 12 баласы
Юсуф (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][43]
Yes check.svg
Басшы
Коптілер
Әйюб (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][44]
Yes check.svg
Патриарх
Аюб адамдары
Шұғайб (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][45]
Yes check.svg
Елші[27]
Мәдян елі [46]
Мұса (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[47][48]
Yes check.svg
Елші
Yes check.svg
Басшы
Тәурат (Тора)[49] Израиль ұрпақтары және Коптілер[50]
Һарұн (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[51][52]
Yes check.svg
Патриарх
Израиль ұрпақтары және Коптілер[50]
Дәуіт (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][53]
Yes check.svg
Басшы (Израиль патшалығы)
Забур (Псалмдер)[54] Израиль
Сүлеймен (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][55]
Yes check.svg
Басшы (Израиль патшалығы)
Израиль
Ілияс (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][56]
Yes check.svg
Елші[57]
Ілияс пайғамбар адамдары[58]
Әл-Йаса (Елисей) (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][59]
Израиль ұрпақтары
Юнус (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[19][23]
Yes check.svg
Елші[60]
Йона адамдары[61]
Зул-Кифл (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][62]
Зәкәрия (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[23][63]
Израиль ұрпақтары
Йахйа (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[63][64]
Израиль ұрпақтары
Иса (عليه السلام) Yes check.svg
Пайғамбар[65][66]
Yes check.svg
Елші
Yes check.svg
Басшы
Інжіл Израиль ұрпақтары[67]
Мұхаммад Yes check.svg
Пайғамбар[68][69]
Yes check.svg
Елші
Yes check.svg
Басшы[33]
Құран Күллі Адамзат
Мықты рухы бар пайғамбарлар

Құранда айтылған:

«Мықты рухы бар елшілер қалай сабыр етсе солай сабыр қыл!»

Ахқаф сүресі, 35-ші аят

Бұл пайғамбарларға Нұх, Ибраһим, Мұса. Иса және ақырғы және ең жақсы пайғамбар Мұхаммед кіреді ﷺ[70].

Қиямет күніне сену

Толық мақаласы: Қиямет

Ақырет күніне иман ету иман негіздерінің бірі. Бұған адамдардың қабірде сыналуына, олардың қайта тірілетеніне, адамдардың Аллаһ алдында есеп беретініне және т.б. қияметтің оқиғаларына сену кіреді. Исламда оған сену — парыз деп есептеледі. Құранда Аллаһқа иман етумен байланысты айтылған аяттарда ақырет күніне (араб.: يوم الآخر‎) иман ету де бірге айтылады.

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин.

Ақыреттің белгілері

Ақыреттің белгілеріне болып өткен немесе болашақта болуы тиіс Құран мен Сүннетте айтылған оқиғалар жатады:

  • Мұхаммедтің ﷺ пайғамбарлығы Ақыреттің белгісі болып есептеледі[71];
  • «Қамар» сүресінде баяндалған айдың қақ айырылуы;
  • Хиджаздан шыққан жалын (бұл жалын шынымен һижри 654-ші жылы шығып, алауы Шам өлкесіне шейін көрінген[72]);
  • Күң әйелдің өз қожайынын тууы;
  • Аяқ киімі жоқ, жалаңаш, кедей қой бағатын адамдардың үй салып жарысуы;
  • 30 шақты өтірік пайғамбарлардың пайда болуы[73];
  • Евфраттағы су деңгейі түсіп, оның орнында алтын таудың пайда болуы;

Ең ұлы белгілер:

  • Түтіннің шығуы;
  • Дәжжәлдің келуі;
  • Жерден жануардың шығуы;
  • Күннің батыстан шығу;
  • Иса пайғамбардың түсуі;
  • Йәджудж бен Маджудждің шығуы;
  • Шығыста, батыста және Араб түбегіндегі жердің опырылуы;
  • Қағбаның қирауы;
  • Құранның аспанға көтерілуі;
  • Мәһдидің келуі;
  • Йеменнен шығатын от[74];
Ақырет күнінің сипаты

Пайғамбардан ﷺ келген хадиске сәйкес Исрафил періште Сұрға үрлегеннен кейін Аллаһ қалағандардан басқа аспан мен жердегі барлық жаратылыс жан тапсырады. 40 күн, ай немесе жылдан соң Сұрға қайта үріліп, аспаннан жаңбыр жауады. Адамдар көкөніс сияқты өлгеннен кейін сақталып қалатын құйыршықтағы сүйектен өсіп шығады. Ал ең бірінші боп жерден шығатын адам — Мұхаммед пайғамбар болады[75].

Тағдырдың жақсылығы мен жамандығына сену

Толық мақаласы: Тағдыр мен қаза

Иман шарттарының алтыншысы — тағдырға иман. Тағдыр — араб тіліндегі «қадар» сөзінен шығып «өлшеу, бір нәрсені белгілі бір өлшем бойынша жарату, белгілеу» ұғымдарын білдіреді. Ал діни терминологиядағы мағынасы ‑ әлем жаратылғаннан бастап, болмыста болатын бүтін құбылыстар мен жаратылыстардың қашан болатындығын, мезгілін, орнын, мекенін, ерекшеліктері мен сипатын Аллаһ Тағаланың ежелден яғни әу бастағы ілімімен белгіленіп, өлшеніп қоюымен байланысты. Әһлі Сүннет уәл-жамағат ғалымдары адам кез келген істі өз қалауымен жасайды, оны ешкім мәжбүрлемейді, бірақ оның қалауы Аллаһтың қалауына тәуелді және тек Аллаһтың рұқсатымен іске асады дейді[76]

Тағдыр 4 дәрежеден құралған[77]:

  1. Аллаһтың барлық зат туралы білімі;
  2. Аллаһтың барлық жаратылыстың тағдырын «Ләух әл-махфузда» жазып қоюы;
  3. Аллаһтың осы болатын нәрселердің орын алуына рұқсат беруі;
  4. Аллаһтың осы ісерді жаратуы, себебі Аллаһ кез келген нәрсенің Жаратушысы;

Ислам

Дамасктегі Умәуи мешітінде намаз оқып жатқан мұсылмандар
Толық мақаласы: Ислам негіздері

Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:

  1. Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
  2. Бес уақыт парыз намазды орындау
  3. Рамазан айында ораза тұту
  4. Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
  5. Өмірінде бір рет қажылыққа бару

«Лә иләһә илл-Аллаһ» куәлігінің шарттары

Толық мақаласы: Шаһада

«Лә иләһә илл-Аллаһ (Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты нәрсе жоқ)» куәлігінің талап ететін бірнеше шарттары бар[78]:

  1. Білімсіздікті жоятын білім;
  2. Күманды жоятын нық сенім;
  3. Жоққа шығарудың терісі болған қабылдау;
  4. Бағынбаудың терісі бағыныштылық;
  5. Ширктің терісі ықылас;
  6. Екіжүзділіктің терісі шыншылдық;
  7. Жек көрудің терісі махаббат;
  8. Аллаһтан басқа құлшылық объектілерін жоққа шығарып, олардан аластау;

Яғни мұсылман осы куәліктің мағынасын біліп, одан күмәнданбай, жоққа шығармай, оған бағынып, ықыласты шын көңілмен, шыншыл болып, осыны жүрегімен жақсы көріп, сонымен қоса Аллаһтан басқа пұттар мен құдайшықтарды жоққа шығарса ғана Исламының шарты дұрыс болып, Аллаһтың мейіріміне жетуге мүмкіндік алады.

«Мухаммад расулу-Ллаһ» куәлігінің шарттары

Мұхаммед пайғамбардың ﷺ елшілігін мойындаудың да бірнеше шарттары бар:

  1. Пайғамбардан айтқан заттарға күмансыз сену;
  2. Пайғамбар әмір еткен нәрселерге бағыну;
  3. Пайғамбар тиым салған нәрселерден сақтану;
  4. Ешбір адамның сөзін оныкінен артық қоймау;
  5. Дінге ол бұйырмаған нәрселерді кіргізбеу, мейлі ол сөз, іс немесе сенім тұрғысынан болсын;
  6. Пайғамбарға қатысты тек қана ол рұқсат берген нәрселерді орындау (мыс.: оның есімі аталғанда салауат айту)
  7. Пайғамбарды Аллаһқа ғана тиесілі болған нәрселерге ие деп санамау, одан тілек тілемеу, көмек сұрамау және т.б.
  8. Пайғамбардың сөздерін құрметтеп, оның хадистеріне құрметпен қарау;[79]

Намаз

Толық мақаласы: Намаз

Соләт (араб.: صلاة‎) — араб тілінде «дұға» мағынасын береді. Шариғатта: Тәкбирден («Аллаһу әкбар» сөзі) басталып, тәслиммен («әс-сәләму ғалейкум» сөзі) аяқталатын белгілі амалдар мен сөздер жиынтығы. Намаз екі куәліктен кейінгі Исламның ең маңызды тірегі. Аллаһ Тағала намазды Мұхаммед пайғамбарға ﷺ Миғраж түнінде жеті аспанның үстінен парыз еткен[80].

Ораза

Толық мақаласы: Ораза

Саум (араб.: صوم‎) — тілдік мағынасы: «бір нәрседен ұстану». Шариғатта: оразаға ниет етіп таң намазының уақытынан бастап күн батқанға шейін ішіп-жеуден, басқа да оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу. Оразаның екі негізі бар[80]:

  • Таң намазының уақытынан күн батқанға шейін ораза бұзатын нәрселерден сақтану;
  • Бұл оразамен Аллаһқа құлшылықты ниет ету;

Зекет

Толық мақаласы: Зекет

Зәкәт (араб.: زكاة‎) — тілдік мағынасы: «артық зат», «өсу (егіннің)». Шариғатта: белгілі адамдардың тобының белгілі мөлшерге жеткен дүние-мүлкінен алынатын ақысы. Бұл Аллаһтың құлының жаны үшін тазарыну саналды. Және зекет беру мұсылман жамағатының арасын жақындастырудың, махаббат пен бірліктің себебі[80].

Қажылық

Толық мақаласы: Қажылық

Хажж (араб.: حجّ‎) — тілдік мағынасы: «ниеттену, мақсат, қалау, жөнелу». Шариғатта: Сүннетке сәйкес белгіленген жерде белгілі уақытта діни рәсімдерді орындау. Қажылық Ислам дінінің тірегі саналады, және мұсылман ғалымдары қажылықты өмірінде бір рет орындау парыз екеніне бір ауыздан келіскен[80].

Ихсан

Толық мақаласы: Ихсан

Ислам дінінің үшінші мәртебесі — ихсан (араб.: الإحسان‎). Ихсанда бір негіз бар:

  • Аллаһқа Оны көріп тұрғандай құлшылық қылу, ал егер олай істей алмасаң, Аллаһ сені көріп тұрғандай құлшылық қылу.

Бұл парыздар мұсылманның мойнына бойжеткеннен бастап жүктеледі.