Ирам Зат әл-Имад

Ирам Зат әл-Имад(көп бағаналы Ирам) - Құран Кәрімде баяндалатындай,Оңтүстәк Арабияда болған,Аллаһтың жер бетінен жойып жіберген құрылыстар кешені.Құран Кәрімдегі бұл аяттың кең таралған түсініктемесінде Ирам Зат әл-Имад оқиғасын адхалқының тарихымен байланыстырады Ирам Зат әл-Имад - ад патшасы Шаддат тұрғызған қала. Бұл патша Аллаһтың елшісі Хұдты тыңдамай, Аден маңындағы жерге жұмаққа ұқсас орын жасағысы келеді. Сол мақсатпен ол үйлері алтын мен күмістен тұрғызылып, асыл тастармен әшекейленген қала салған. Патшаның менмендігі мен өзіне сенімсіздік танытқаны үшін Аллаһ Ирам Зат әл-Имад дауыл соқтырады. Сол дауылдан кираған қалайы құм басып қалады. Бізге жеткен аңыздарда

«Шөл далада адасқан жол аушы лар кейде осы өлі қалайы көргендей болады, бірақ ол жерден әкелінген асыл тастар күлте айналыпкетеді», - деп айтылады.

Тарихта болған көп бағаналы набатейлік сарай - әр-Раменның үйінділері Солтүстік Хиджазда сақталған. VIII - IX ғасырларда Йеменнен шыққан түсіндірмешілердің ықпалымен Ирам Зат әл-Имадокиғасы Йемен тарихымен байланыстырылады.

[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1