Инесса Ивановна Манская

Инесса Ивановна Манская (15.8. 1928 жылы туған, Алматы) - балет артисі, Қазақстанның халық артисі (1984). Алматы хореографиялық училищесін бітірген (1945). Сол жылдан Қазақ академиялық опера және балет театрының бишісі, 1975 жылдан педагог-репетиторы, 1967 жылдан "Жас балеттің" (қазіргі Классикалық би ансамблі) биші- солисі, кейіннен педагог-репетиторы болды. Манскаяның репертуарында Алтынай (Н.Тілендиев, Л.Б. Степанов пен Е.В. Манаевтың "Достық жолыменінде"), т.б. партиялары бар. 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысты. "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.

  • Дереккөздер

Дереккөздер