Иван Петрович Арчибасов

Иван Петрович Арчибасов (20.1.1936 жылы туған, Орынбор облысы Васильевка ауылы) - актер, Қазақстанның халық артисі (1978). Солтүстік Қазақстан облысы орыс драма театры жанындағы студияны бітірген (1955). Шығармашылық қызметін осы студияда оқып жүрген кезінен бастады. Актер сан-алуан сахналық тәсілдерді батыл пайдалану арқылы жарқын комедиялық және өткір драмалық рольдерді еркін орындады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8