Зағипа Яхияқызы Бәлиева


Зағипа Яхияқызы Бәлиева
Дүниеге келгені:1958 ж. қазанның 3-інде
Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылы
Мансабы:Қазақстан Республикасы Әділет министрi
Жұбайы:Мұхтар Абзалұлы Бәлиев

Зағипа Яхияқызы Бәлиева — Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

Қысқаша өмірбаяны

1958 ж. қазанның 3-інде Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында дүниеге келген.

1981 ж. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы — заңгер-құқықтанушы.

Еңбек қызметін АПТУ-да лаборант болып бастаған

198182 жж. — Жамбыл аудандық, Жамбыл облыстық «Стройбанк» кеңсесінің заң кеңесшісі болып бастаған.

198286 жж. — Жамбыл (Тараз) қалалық атқару комитетінің заң кеңесшісі.

198692 жж. — Алматы қалалық аткомының тұрғын алаңды есепке алу және бөлу басқармасының инспекторы бөлім меңгерушісі.

199294 жж. — Алматы қалалық әкімі аппаратының заң бөлімінің бастығы, меңгерушісі болып істеген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 13-ші шақырылуының депутаты болып сайланған.

1995 ж. наурызынан — Орталық сайлау комиссиясын хатшысы.

1996 ж. қаңтарынан — Орталық сайлау комиссиясы төрайымы болып басқарды.

2005 ж. сәуірден бері Қазақстан Республикасының Әділет министрі. 2009 жылдың сәуір айынан бері - ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

2005-2009 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Әділет министрі.

2009-2011 ж.ж. – IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

2012 жылғы 20 қаңтардан бастап - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет», «Парасат», «Күміс алқа», ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Тұрмыста, алты бала және немере тәрбиелеп отыр.