Жібек Рахымбердіқызы Лебаева

Жібек Рахымбердіқызы Лебаева (5.8.1953 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы) - актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1991). Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген (1975). 1975 жылдан қазіргі Алматы облысы драма театрында қызмет істеген. Қазір Қазақ жастар мен балалар театрында актриса. Ол Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқтысында" Ақтоқты, "Ұлпаны" бойыншада Ұлпан, М.Әуезовтің "Қарагөзінде" Қарагөз, А.П. Чеховтың "Ваня ағайында" Елена Андрееваның, У.Шекспирдің "Асауға тұсауында" Катерина, Д.Исабековтің "Алтын бесігінде" Гүлдариға, т.б. рольдерді орындады. [1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8