Жанша Арыстанова

Жанша Арыстанова(1895, қазіргі Қызылорда облысы Қазалы ауданы Абай ауылы - 1964, Алматы) - халық қолөнер шебері. Ұлттық ою-өрнектер салып текемет, сырмақ жасап, алаша, басқұр, ши тоқырай. Арыстанованың құс, түйе, жылқы, т.б. жануарлардың суретін ойып сырған сырмақтары мен тұмарша, қошқар мүйіз, ағаш жапырақтарын салған теңдеме ою, жүздеме ою, сыңар ою түрлерімен әшекейленген текеметтері халықтың қолөнер қазынасын байытты. 1961 - 64 ж. Республикалық қолөнер шеберлерінің көрмелеріне қатысты. Арыстанова туындылары Қазақстан мемлекеттік өнер мұражайында сақтаулы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8