Жамбыл облысы

Қазақстан облысы

Жамбыл облысы

Жамбыл облысының елтаңбасы
Жамбыл облысы елтаңбасы
Қазақстан картасындағы Жамбыл облысы

Облыс орталығы

Тараз

Құрылған уақыты

14 қазан 1939 жылы

Аудандар саны

10

Ауылдық округтер саны

149

Қалалық әкімдіктер саны

4

Ауыл саны

371

Тұрғыны

1 098 693[1] (2015 жыл)
6-шы орын
- тығыздығы
7,32 адам/км²
6-шы орын

Ұлттық құрамы

қазақтар 72,41%
орыстар 10,50%
дүңгендер 4,82%
түріктер 2,96%
өзбектер 2,46%
басқалары 6,85% (2015ж.)[2]

Жер аумағы

9-шы орын

- Барлығы
- Су беті

144 264 км²

Экономикалық ауданы

Оңтүстік Қазақстан

Әкімі

А.И.Мырзахметов

ISO 3166-2:KZ коды

KZ-ZHA

Телефон коды

+7 7262 xx-xx-xx

Пошта индекстері

08xxxx

Автомобиль коды

08

Уақыт белдеуі

UTC+6:00

Ресми сайты

http://www.zhambyl.kz

Жамбыл облысыҚазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².

Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз. Облыста барлығы 10 аудан, 4 қала, 153 кенттік және ауылдық округтерде 379 ауыл бар.[3]

Географиясы

Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.