Жамбыл Күзембайұлы Баспаев

Жамбыл Күзембайұлы Баспаев (29.4.1938 ж.т., Мәскеу қ.) - виолончельші, педагог, Қазақстанның халық артисі (1998). Мәскеу консерваториясының виолончель бөлімін бітірген (1962), 1965 ж. тәжірибе жинақтаудан өтті. 1965 ж. Алматы қаласындағы арнаулы мектептердің оқушылары күшімен оркестр құрып, өзі оған жетекшілік етті. Ансамбль мен өзінің жеке репертуарында қазақ халқының (Ақан сері, Дәулеткерей, Құрманғазы, Тәттімбеттің ән-қүйлері, А.Жұбанов, Ғ.Жұбанова, К.Күмісбеқов, С.Мұхамеджанов, А.В.Затаевич, Қ.Қожамияровтың муз. туындылары), шет ел композиторларының (Д.Д.Шостақович, П.И.Чайковский, Л.В. Бетховен, Ф.И.Гайдн, т.б.) муз. шығармалары орын алды. Ресейде, Арменияда, Грузияда, Украинада, т.б. өткен Қазақстанның мәдени күндеріне қатысты. 1982 ж. "Ж.Баспаевтың концерті" атты телефильм түсірілді. 1983 ж. "Мелодия" фирмасы Баспаев пен виолончельшілер ансамблінің орындауында концерттік грампластинкасын шығарды. 1965 жылдан Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттык консерваториясы) ішекті аспаптар кафедрасының аға оқытушысы (1980 жылдан проф.); Баспаев - ғылыми-әдістемеліқ оқу құралдары мен музыкалық шығармалар жинақтарының авторы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8