Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев

Ермұхамет Ертісбаев
Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев
Лауазымы
Қазақстан Республикасының Президентінің Кеңесшісі
12 мамыр 2008 жылдандан бастап
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат Министрі
28 наурыз 2006 жыл — 12 мамыр 2008 жыл
Ізашары:Мәдениет, ақпарат және спорт Министрі
Ізбасары:Мұхтар Құл-Мұхаммед
Мәдениет, ақпарат және спорт Министрі
18 қаңтар — 28 наурыз 2006 жыл
Ізашары:Есетжан Қосубаев
Өмірбаяны
Діні:Атеист
Дүниеге келуі:19 қазан 1956(1956-10-19) (61 жас)
Қарағанды қаласы,  Қазақстан
Әкесі:Қабиден
Жұбайы:Людмила Анатольевна Ертісбаева (1957)
Балалары:Қабиден Шыңғыс Ермұхаметұлы (1985)

Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев — Қазақстан саясаткері, Қазақстан Республикасы елшісі.[1]

Қысқаша өмірбаяны

1956 ж. қарашаның 19-ында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

199094 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

199498 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

199498 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

19982002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

200608 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.