Елена Николаева


Елена Павловна Николаева
Дүниеге келгені:22.01.1940
Алматы
Мансабы:қолөнер шебері

Елена Павловна Николаева (1940) - қолөнер шебері. Алматы көркемсурет (1962), Санкт-Петербургтегі жоғарғы көркем-өнеркәсіп училещесін бітірген (1967). 1967 жылдан шығармалы жұмыста болды. 1972 - 1976 ж. Алматы көркемсурет училещесінде ұстаздық етті. Николаева негізінен дәстүрлі халық өнерін дамытуға үлес қосты. Оның "Шекспир" панносы (1970), "Сәндік портреттер" (1973), "Жаңарған өлке" (1979) триптихы, "Монтажшылар" (1984) композициясы, "Жеңіспен оралды" (1985), т.б. гобелендері бар. 1981 ж. "Қазақстан" қонақ үйіндегі (Алматы) "Қазақстан" гобелінен (басқалармен бірге) Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1993 ж. Ресейге қоныс аударды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8