Екатерина Павловна Лифанова

Екатерина Павловна Лифанова (1903 - өлген жылы белгісіз) - балет артисі, балетмейстер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1936). Л. Иркутск, кейін Мәскеудің жеке меншік студияларында балеттен білім алды. 1933 жылдан Қазақ музыка театрында (казіргі Қазақтың академиялық опера және балет театры) биші, 1933 - 1943 жылдары балет труппасының жетекші солисі, ал 1954 жылдан осы труппаның балет-мейстері әрі репетиторы қызметін аткарды. Ол - қазақтың ұлттық балеттеріндегі негізгі партияларды алғаш орындаушылардың бірі. Лифанованың В.В. Великановтың "Қамбар -Назым" балетіне, Алматы хореография училищесінің түлектеріне, сондай-ақ, көркемөнерпаздар үйірмелеріне қойған билерінде қазақтың ұлттық би дәстүрі айқын байқалады. Оның халықтың би мұрасын жинап, жетілдірудегі де еңбегі мол. Лифанова балетмейстер ретінде Е.Г. Брусиловскийдің қайта жаңартылып қойылған "Қыз Жібек", "Ер Тарғын", "Жалбыр" операларындағы билерді қалпына келтірді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8