Дания

Дания Патшалығы
дат. Kongeriget Danmark
Flag of Denmark.svgNational Coat of arms of Denmark.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «Guds hjælp, Folkets kærlighed, Danmarks styrke (Құдайдың көмегі, халықтың махаббаты, Данияның қуаттылығы)»
Әнұран:
EU-Denmark.svg
Дании (қара-жасыл):
Еуропада (ашық-жасыл және қара-сұр)
Еуропалық Одақ (қара-жасыл)
Тарихы
ҚұрылдыVIII ғасыр
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілідатша[1]
ЕлордаКопенгаген
Ірі қалаларыКопенгаген, Орхус, Оденсе Ольборг
Үкімет түріКонституциялық монархия
Ханшайымы
Премьер-министрі
Патшайым Маргрете II
Ларс Лёкке Расмуссен
Мемлекеттік дініЛютерандық
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 130-шы-орын
43 094[2] км²
1,6
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

5 564 219[3] адам (110-шы)
126,4 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ
  • Қорытынды (2010)
  • Жан басына шаққанда

200,796 млрд[4] $ (50-ші)
36 336[4] $
АДИ (2013) 0,895[5] (өте жоғары) (10-шы)
Этнохоронимдаттықтар, даниялықтар данттар
Валютасыдат кронасы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.dk
ISO кодыDK
ХОК кодыDEN
Телефон коды+45
Уақыт белдеулері+1

Дания Патшалығы (дат. Kongeriget Danmark) — Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.

Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыстан батысқа қарай 480 км созылған.Дания аумағы 43 093 км 2 ( Гренландия мен Фарер аралын қоспағанда).Мемлекеттің үлкен бөлігі (29 776 км² ) Ютландия түбегінде орналасқан. Дат архипелагына 500 аралдар кіреді.Олар негізіненЮтландия шығысында Балтық және Каттегат бұғазы аралығында орналасқан.Ауданы 12 729 км² ,ал Борнхольм аралы Балтық теңізіндегі – 588 км² .Данияның жағалауының ұзындығы 7438 км құрайды.

Дания құрғақ жер арқылы тек қана Германиямен шекараланады.Бұл шекара ұзындығы 68 км созылған.Шығысында Дания Швециямен шекараланады,ол Эресунн (Зунд) және Каттегат бұғаздары арқылы өтеді,солтүстігінде Скагеррак бұғазы Данияны Норвегиядан бөліп тұрады.Дания солтүстік теңіз шельфінің шығыс бөлігі болып табылады.Сонымен қатар Дания құрамына алдыңғы колонияларыда кіреді.Олар Фарер аралдары және Гренландия аралы,бұлардың парламентте өз өкілдері бар.

Фарер аралы Шотландияның солтүстігінде 375 км ұзақтықта орналасқан.Оның аумағы 1399 км² құрайды.Олар Дания билігінде 1380 жылдан бастап болған,тек қана 1948 жылдан өздерін басқару құқығын алды. Гренландия – көлемі жағынан ең үлкен арал,аумағы 2 175 600 км² , бірақ оның тек 341 700 км² мұздан арылған.Гренландия Данияның 1729 жылдан колониясы болған, 1953 жылы мемлекет бөлігі ретінде қабылдады,ал 1979 жылы автономия статусы берілді.

Салалық өнеркәсіп құрылымы.Жалпы ішкі өнімдегі ауылшаруашылық,орман шаруашылығы және балық ұқсату салаларының көлемі— 3%,өнеркәсіп — 21%,қызмет көрсету–76% (2006 жыл).

Халқы

Дания халқы 5220 мың адам (1997 жыл). 1980 жылдары халық саны тұрақты болған,ал 1990 жылдан бастап оның саны өсуы байқалды.Негізінен иммиграция есебінен ( жылына 11 мың адам). Копенгаген қаласында, Фредериксберг және Гентофте коммуналарында шамамен 625,8 мың адам тұрады. (1995 жыл). Басқа ірі қаларда – Орхус (275,5 мың), Оденсе (182,6 мың ), Ольборг (159 мың ), Эсбьерг (82,6 мың.), Раннерс (64,4 мың ), Коллинг (59,6 мың), Хернинг (57,7 мың.), Хельсингёр (56,9 мың ), Хорсенс (55,3 мың ) және Вайле (52,3 мың ). Копенгаген қаласы айналасында барлығы 2 млн. адам тұрады Бұл елдегі 26% халық көрсеткіші.Зеландия (Шелланн) араында астан орналасқан – 42% халық тұрады. Қала халқы 85% құрайды,15 тұрғыны бар қалалар көптеп кездеседі.Фюн, Лолланн және Фальстер аралдарында 570 мың адам, ал Борнхольмде – 50 мың адам тұрады.Ютландия халқы 2,4 млн.адамды құрайды,хылықтың орналасу тығыздығы 81 адамнан тура келеді. Гренландия халқы 59 мың адам (1997 жыл),оның 5 мыңы еуропалықтар,қалғаны- инуиты (эскимостар). Фарер аралының халқының саны 50 мың адам (1997 жыл).

Халық саны және көбеюі 1995 - 2000 жылдар аралығында.

   1995  1996  1997  1998  1999  2000

Саны (адам) 5 199 437 5 249 632 5 305 048 5 333 617 5 356 845 5 336 934 жоғарылауы 0,22% 0,38% 0,59% 0,49% 0,38% 0,31%

Халқының жас құрылымы 1995 – 2000 жылдар аралығында.

   1995  1996  1997  1998  1999  2000

0 - 14 жас 17% 17% 18% 18% 18% 18% 15 - 64 жыл 68% 67% 67% 67% 67% 67%

65 жастан жоғары   15%     16%     15%     15%     15%     15%

Туылу және өлім деңгейі 1999 - 2000 жылдар аралығында ( 1000 адамға )

   1995  1996  1997  1998  1999  2000

Туылу 12,38 12,24 12,78 12,18 11,57 12,16 Өлім 11,14 10,42 11,22 11,08 10,97 11,00 Жас бөбек кезіндегі өлім коэффициентті 6,80 4,80 5,20 5,17 5,11 5,11

Халықтың жыныстық құрамы 1996 – 2000 жылдар аралығында.

   1996  1997  1998  1999  2000

Жаңа туылғандар 1,06 1,05 1,05 1,05 1,05

15 жасқа дейін     1,05    1,05    1,05    1,05    1,05
15тен 64 жасқа дейін    1,03    1,03    1,03    1,03    1,03
65 жастан жоғары        0,7     0,71    0,71    0,71    0,71

барлығы 0,97 0,98 ... 0,98 0,98

Халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы 1995 – 2000 жылдар аралығында.

   1995  1996  1997  1998  1999  2000

барлығы 76,11 77,30 76,10 76,31 76,51 76,54 Еркектер арасында 73,23 73,78 73,44 73,64 73,83 73,95 Әйелдер арасында 79,16 81,01 78,90 79,12 79,33 79,27

Этникалық құрамы

даттар 98%, эскимостар, фарерлер, немістер. Евангелиялық лютерандықтар 91% құрайды,ал қалған протестанттар және католиктер 2% құрайды. Дания бір ұлтты мемлекет.Аз санды немістер еврейлер және польяктар ассимилияцияға ұшыраған.

1960 жылы өндіріс дамуы қосымша еңбек күшін талап етті.Осыған байланысты мемлекетке еңбек ( "gastearbejdere" – гастарбайтерлер) эмигранттар келді. 1980жыл соңына қарай көп санды туріктердің, югославтардың ,ирандықтардың, пакистандықтардың қоғамдың бірлестіктері пайда болды.Ресми тілі – дат тілі ,норвег тіліне жақын.Ағылшын тілі неміс тіліне қарағанда әйгілі емес.Көшпенді Герман тайпалары – англы, саксы және дандан–Данияға бірінші ғасырда қоныс тепкен.Осы тайпалардан қазіргі Дания халқы құралып отыр.Сонымен қатар даниялықтар тілінде диалект бар ,негізінен копенгагендік диалектте сөйлейді.

Евангелиялық Лютеран шіркеуі ресми Данияның шіркеуі болып мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.сондада сенім бостандығы бар.Бұл шіркеуге кіргендер елде 87% құрайды.Маңызды аз санды діний қоғамдық бірлестіктерден мусулмандар (74 мың адам).Қалған – католиктер (33 мың), баптистер (6 мың.), иудейлер (5 мың.) .