Гүлжиһан Қалиқызы Ордабаева

ҒАЛИЕВА Гүлжиһан (Ордабаева), Гүлжаһан Қалиқызы (11.11.1917, Алматы - 1982, сонда) - Қазақстанның халық артисі (1968), актриса, көркемсөз оқушы.

Мәскеу қ-ндағы театр өнері ин-тының жанындағы қазақ студиясын бітірген (1938). 1941 ж. Қазақ ақад. драма театрында, 1941 - 1946 ж. Орт. біріккен қиностудияда актриса, 1946 - 1965 ж. Қазақ филармониясында конферансье, 1965 - 1982 ж. Эстрада және цирк өнері студиясында (қазіргі Рес.п. эстрада-цирқ өнері қолледжі) директоры қызметін атқарған. Ол, сондай-ақ, "Гүлдер" ансамблі мен Қазақ циркінің негізін қалаушылардың бірі. Ғ. - көрқемсөз оқудың, концерттік бағдарламалар жүфгізудің шебері ретінде халық жадында қалды. Оның репертуарында Жамбыл, М.Әуезов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев, Ж.Молдағалиев, т.б.шығармалары болды. Еңбек Қызыл Ту және "Құрмет белгісі" ордендері-мен марапатталған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8