Грузия

Грузия
грузинше საქართველო
Flag of Georgia.svgGreater coat of arms of Georgia.svg
БайрақЕлтаңба
Ұран: «ძალა ერთობაშია
(қаз.
Қуат — бірлікте
Әнұран: (тыңдау )
Europe location GEO2.png
Тәуелсіздік күні26 мамыр 1918 жылы
(Кавказ Демократиялық Федеративтік Республикадан)
9 сәуір 1991 жылы (КСРО-дан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілігрузин тілі
ЕлордаТбилиси Заң шығарушы органдар орналасқан Кутаиси
Ірі қалаларыКутаиси, Батуми, Рустави, Зугдиди, Гори, Поти, Сухуми Цхинваль
Үкімет түріПрезиденттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Парламент спикері
Георгий Маргвелашвили
Ираклий Гарибашвили
Давид Усупашвили
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 118-ші-орын
айтылады-69 700 км²,
түгел
басқаратын жері-57 200
км²
Жұрты
• Сарап (2011)
Тығыздығы

4 469 200[1] адам
63 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
  • Қорытынды (2012)
  • Жан басына шаққанда

26 млрд $ (109-шы)
6300 $
ВалютасыЛари
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі.ge
ISO кодыGE
ХОК кодыGEO
Телефон коды+995
Уақыт белдеулеріUTC-4:00
Georgia cities01.png

Грузия, Гүржістан немесе Гүржия, Грузия Республикасы (грузинше საქართველო) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км². Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і грузиндер (гүржілер). Бұдан басқа армяндар (8,1%), орыстар (6,3%), әзірбайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — грузин тілі. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Конституциясы 1995 ж. 24 тамызда қабылданған. Ұлттық ақшасы — лари 1995 ж. қыркүйек айынан айналымға енгізілген. Ұлттық мейрамы — мемлекеттің тәуелсіздіктің қалпына келтірілген күні (26 мамыр, 1918 ж.).

Табиғаты

Жерінің 87%-ін таулы қыраттар алып жатыр, 36,7%-і орман. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Қара тау жағалауын Колхида ойпаты алып жатыр. Жерінің географиялық құрылымы күрделі. Негізгі кен байлықтары: марганец, тас көмір, мұнай, полиметалдар. Минералды су көздеріне бай ( Боржоми, т.б.). Тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Климаты жылы және ылғалды субтропикалық. Қаңтар айындағы орташа температура 4—7 °С, ал шілдеде 22—24 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм.