Глиссандо

Глиссандо (итал. glissando - сырғу, тайғанау) - музыка өнеріндегі орындаушылық тәсіл. Аралық дыбысты айқын білдірмей, еппен, баяу сырғу арқылы бір дыбыстан екінші дыбысқа көшу әдісін білдіреді. Музыка аспаптарда (ішекті аспаптарда, арфада, фортепьянода, үрмелі аспаптарда) ойнағанда және вокалдық өнерле қолданылды. Ол айқын нақышты, нәзік дыбыстарға бай шығыс музыкасында ерекше дамыған.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8