Гистрион

Гистрион (лат. histrio)-1) комедиялық-тұрмыстық сахналарда ойнаған Ежелгі Рим актері; 2) Ертедегі орта ғасыр дәуірінде өмір сүрген кезбе халық актері (9-13 ғ.). Ол - музыкант, әңгімеші, биші, жануарларды қолға үйретіп машықтандырушы болған. Францияда оны -жониф, Германияда-шпиль-ман, Польшада - франт, Ресейде - скоморохтар, Қазақстанда - қуақы, қу, Тәжікстанда - масқарапоз, Өзбеқстанда - қызықшы деп атаған. Кезінде шіркеу мен билеуші таптың қудалауына ұшырады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8