Геннадий Николаевич Новожилов


Генадий Николаевич Новожилов
Дүниеге келгені:22.03.1910
Владимир губерниясы Шуйск уезді, Кохма ауылы
Қайтыс болғаны:13.03.1996
Алматы
Мансабы:кинооператор, кинорежиссер

Генадий Николаевич Новожилов (1910-1996) - кинооператор, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1959). Бүкілодақтық кішематография институтын бітірген (1932). Онер жолын "Ленфильм" киностудиясында кинооператордың көмекшісі болып бастайды. 1938 ж. Алматыға келіп киношежіре студиясында еңбек етіп, 20 жылдан астам "Кеңестік Қазақстан" киножурналын түсіреді. Ол Ж.Жабаев, Қ.Сәтбаев, К.Байсейітова, К.Әзірбаев, т.б. көрнекті өнер қайраткерлерімен кездесіп, фильмге түсірген. 1950 жылдардың басында режиссура саласына да ден қойып. 30-ға жуык деректі фильмдерді ("Екібастұз" (1956), "Ән қанатында" (1960), "Көгілдір Алтай" (1966), "Жамбыл мұражайы" (1970), "Қазақстан күріші" (1980), т.б. қойды. Ол бірнеше кітаптын ("Нысанада-өмір" 1987, т.б.) авторы.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8