Гармониялау

Гармониялау - белгілі бір мелодияға (музыка әуеніне) гармониялық сүйемел жазу. Мелодияны алуан түрде Гармониялау - оның көркемдік мазмұнын түрліше құбылта отырып, үғындыруға мүмкіндік береді. Айқын да пішінді мелодия сазына Гармониялауға әзі сүранып тұратын заңды табиғилық (негізгі тональдік функциялардың белгілері, модуляциялар, т.б.) болады. Мелодияның ладтық құрылысын жоққа шығаратын Гармониялау - жалаң түр қуушылықтың музықадағы бір көрінісі. Гармониялау - музыкашы өзекті мәселелерінің бірі. М.А. Балакирев, Н.А. Римский-Корсаков, А.К. Лядов сынды орыс классиктері Гармониялауға кезінде үлкен мән берген. ТМД халықтарының әндеріндегі ұлттық ерекшеліктерді айқын ашуға негізделген Гармониялау - қазіргі композиторлардың шығармашылығына тән қасиет. Мелодияны Гармониялау музыка оқу орындарында гармония пәнінің курсына енеді.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8