Владимир Нестеров


Владимир Васильевич Нестеров
Дүниеге келгені:22.01.1908
Акмола облысы Арықбалық ауданы
Қайтыс болғаны:01.02.1988
Алматы
Мансабы:суретші, карикатурашы

Владимир Васильевич Нестеров (1908-1988) - суретші, карикатурашы. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Көкшетау қаласындағы Н.И. Лученко атындағы студияны бітірген. Алматы, Шымкент қаласындағы клубтарда, ал 1933 жылдан "Казахстанская правда" мен "Ленинская смена" (қазіргі "Экспресс К") газеті редакцияларында, 1939 - 1941 ж. "Детская литература" баспасында қызмет істеді. 2-дүниежүз соғысының алғашқы жылдарында ҚазТАГ-тың жарнамасында, жергілікті газет, журналдарда Нестеровтың "Фюрердің қызметте өсу баспалдақтары", "Германияның азық-түлік проблемалары", "Моданың соңғы айғағы", "Геббельстің ұмтылысы мен арманы", "Немістердің жазадан құтылуды ойлауы" карикатуралары жарық көрді. Сондай-ақ, Нестеровтың қаламынан 1948 - 1960 ж. туған "Ванька-Встанка", "Бұғып қалды", "Қисаю", "Сайтанның сапалағы", "Құзғынның қонақ асы", "Түрік журналистері үйінің кескіні", "Жапон базарында", "Құс өсірудің жаңалығы", "Мүхиттың арғы жағындағы Бонн мектебінің тәлімгері", т.б. карикатуралары бар.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8