Бууайһийа

Бууайһийа, Буиалықтар - Дайламнан шыққан иран әулеті. Әулет басы Бувейх - Солтүстік Иранның зийарлық билеушісі Мердауиджаның жасақтарының бірінің қолбасшысы болды. Бууайһтің балалары Батыс және Оңтүстік Иранда өмір сүрді, ал 945 ж. желтоқсанда әулеттің кенжесі Ахмет Бағдатты жаулап алып, Ирактың бнлеушісіне айналды. Шииттік-имамшыл болғандықтан Муизз ад-даула Бағдатта «қалыпты» шиизмнің нығаюына ықпал етті. 963 ж-дан бастап ашура мен Гадир әл-Хумма салтанатты түрде мерекелене бастады. Ал билікті одан қабылдап алушылардың тұсында Бағдатта алғашқы шиит медресесі (994) пайда болды. Осының бәрі сунниттер мен шииттердің арасындағы қатынаста шиеленістіріп жіберді. Шиит мерекесіне жауап ретінде сунниттер де өз мейрамын еткізді, мұндай мерекелердің қантөгіс қақтығыспен аяқталуы жиіледі. Бууайһийаның өз арасындағы алауыздық оның билігін элсіретіп, халифалардың саяси және экономикалық тәуелсіздігінің ішінара қалпына келуіне әсер етті. XIX ғ-дың 20 жылдарында Бууайһийа мемлекеті Газнашылар қысымына түсті, ал 1055 ж. салжұқтардың тегеурініне шыдай алмай құлалы. Фарстағы ең соңғы буиалық иелік 1062 ж. жойылды.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1