Бисен Рахметоллаұлы Нұрпейісов


Бисен Рахметоллаұлы Нұрпейісов
Дүниеге келгені:17.02.1931
Жамбыл облысы Жуалы ауданы бұрынғы Жаңаауыл ауылы
Мансабы:режиссер, әнші

Бисен Рахметоллаұлы Нұрпейісов (17.02.1931) - режиссер, әнші.

  • Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы, 1950)
  • Мәскеу театр өнері институтының режиссерлік факультетін бітірген (1967).
  • 1950 - 1962 ж. Қазақ академиясы опера және балет театры труппасында хор әншісі
  • 1967 - 1990 ж. осында режиссер болып, А.Г. Рубинштейннін "Демон", Карасевтің "Морозко" (екеуі де 1967), С.С. Гулак-Артемовскийдің "Дунайдың арғы жағындағы запорождық" (1968), т.б. операларын қойды. 1968 ж. Жетісай музыкалық драма театрында Ғ.Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегін" сахнаға шығарды. Қазақ академиялық опера және балет театры құрамымен 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндгіне, 1970 - 1974 ж. Сахалинде (Ресей) өткен қазақ мәдениеті күндеріне қатысты.
  • 1990 жылдан зейнеткер.
  • Қазақстан Мәдениет министрлігінің Қүрмет грамотасымен (1970) марапатталған.[1]
  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8